Бүгін “ҚазАтомӨндірістің” бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев азаттыққа шықты. Оның мерзімінен бұрын босату туралы өтініші осымен үшінші рет қаралып, ақыр соңы сот Жәкішевтің сөзіне құлақ асты.
Семейде өткен отырысқа Жәкішев қатысқан жоқ, сотты абақтыда видеобайланыс арқылы бақылады.
Сот шешім шығарардың алдында соңғы сөзін айтты.
“Сот биліктің маңызды тармағы әрі бүгінгі қоғамның өкілі. Мені қолдауға жиналған адамның қарасы өте көп.
Бұған жауап алғыңыз келсе бүгінгі отырысқа мені қолдауға жиналған қалың елден сұраңыз. Менің Қазақстан азаматы ретіндегі басты өтінішім – Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар маған да қолданылса деймін”, -деді Жәкішев.
Осыдан 10 жыл бұрынғы оқиғаны ой елегінен өткізейік.
Жәкішев “ҚазАтомӨндіріске” 1998 жылы ұлттық компанияның берешегі 85 млн доллардан асып, қарызға белшеден батқан алмағайып кезеңде келді.
Араға бір жыл салып компанияның адымын аштырмай отырған кедергілерден арылып, қарызын өтеді. Қазақстан уранын экспортқа шығармай отырған шектеу алынып тасталды.
2009 жылдың сәуірінде Мәжіліс депутаты, Nur Otan мүшесі Татьяна Квятковская Жәкішевті “Қазақстанның уран кеніштерін Мұхтар Әблязовтің меншігіндегі компанияларға су тегінге сатып жіберді” деп айыптады.
Ол тұста Әблязов Лондонда бой тасалап жүрген-тін.
“Ол ма, ол (Жәкішевті айтады, ред.) “Ақдала, “Оңтүстік Іңкәй”, “Қорасан” секілді уранға бөгіп жатқан кеніштерді небәрі 64 мың теңгеге бағалап, әзір іздеуде жүрген Әблязовтың “Бетпақ дала” атты компаниясына сатып жіберді”, – деді Квятковская.
Депутат әлгі компанияны Әблязовтың сенімді серігі – Рифат Ризоев басқарады деп тұспалдаған.
Депутаттың арызынан кейін “ҚазАтомӨндірісті” Бас прокуратура, ҰҚК, Қаржы бақылауы комитетінің өкілдері нысанаға алады. Алайда көзге ұрар кемшілік таппайды.
Соған қарамай 2009 жылдың мамырында Жәкішев жұмысынан босап, Бас прокуратураның нұсқауы бойынша қамауға алынады. Мұхтардан бөлек, оның үш орынбасары – Асқар Қасабеков, Малхаз Цоцорий және Дмитрий Парфеновтің үстінен іс қозғалады.
“2004-2007 жылдары Жәкішевтің жөн сілтеуімен бірнеше оффшор компаниясы, астыртын жұмыс істейтін фирмалар ашылып уран сатудан түскен ақша сол жаққа аударылған. 200 мың тонна уранның ақшасы Жәкішевтің жемсауына түскен”, – деп мәлімдеген еді сол тұста ҰҚК баспасөз-хатшысы Кенжеболат Бекназаров.
14 жылға сотталған Жәкішев жазасының 10 жылын толық өтеді. Биыл 11-ші жылға аяқ басты.
Жәкішевтің әріптесі, әрі жақын жолдасы Ғалым Назаров депутат Квятковскаяның мәлімдемесінде түйірдей негіз жоғын айтқан.
“Бос сандырақ десе де болады.
Қаржы, Есеп комитетіндегі аудиторлық тексеру, ҰҚК, прокуратура секілді түрлі мемлекеттік орындары жүргізген бұл тексеріс бір жылға созылды. Осы тексерістерде компанияда ешқандай заңсыздықтың болмағаны анықталды”, – деген еді осыдан 10 жыл бұрын “Жас Алашқа” жедел сұхбат берген Назаров.
Оның айтып өткеніндей, «Қазатомпром» өз қалауы бойынша мүлкін әркімге бөліп бере салатын жекеменшік компания емес.
Мен осы қоғамға қаншалықты қауіптімін? Менің бостандыққа шығуым қоғамға қатер төндіре ме?
Ал осы Жәкішевтің үстінен арыз түсірген кім? Ол Мұхтарға нендей айып тақты?
Арада 10 жыл өткенде “ҚазАтомӨндіріс” уран өндіруде әлемдегі алпауыт компанияның біріне айналды.
Жәкішев мұны өзіне жабылған жала деп түсіндіріп, Квятковская әлдебіреулердің тапсырысын орындап отырғанын айтты.
Сол жылдың жазында ҰҚК ұлттық компанияның топ-менеджерлері Жәкішевтың жемқорлыққа қатысын барын мойындаған видеоны елге жариялайды.
Неге десеңіз, екі жыл бұрын компанияда кешенді түрде тексеру жүрді. Дәл осы Т.Квятковскаяның тура осы мәлімдемесі бойынша.
“Бізде директорлар кеңесі бар. Құрамына үкіметтің, тиісті министрліктердің басшылары кіреді. Табыстың барлығы сол кеңесте талқыланады.
Іс-әрекетінің бәрі мемлекеттің қадағалауындағы компанияның басшылығын ғана қудалап, айыптау ақылға сыймайтын қылық. М.Жәкішев барлық уақытта компанияның жүзеге асыратын бар жұмысын жоғарғы жақпен ақылдасып шешті. Өз бетінше әрекет еткен емес. М.Жәкішевтің ешқандай кінәсінің жоқтығына сенімдімін. Және экс-депутаттың мәлімдемесін аққа күйе жағу деп білемін”, – деген Ғалым Назаров.
Осы сұхбаттан аз-кем үзінді ұсынсақ.
Ақпарат Dalanews.kz сайтынан тілші Думан БЫҚАЙдың жазбасынан алынды