Ол өзіне берген есімді толық ақтады. КСРО кезінде де, содан кейін жылдары да орыс-қазақта лазер физикасы саласында Ғалымнан аты озған ғалым кездескен емес. Бүгін де солай.
Ғалым мырзаға тиесілі атақ-дәреже тек Тұңғыш деген анықтауышымен айшықталып тұр. Бүкілодақтық студенттік құрылыс отрядының авторы және тұңғыш командирі болды. 21 жасында Мәскеу мемлекеттік университетіндегі студенттер отрядының, 26 жасында Бүкілодақтық студенттер отрядының Тұңғыш командирі болды. Сол жылы КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
Лазер техникасы саласында техника ғалымдарының докторы, 1984 жылы ғылым және техника саласында КСРО-ның мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
Одақ күйреген бетте ел Президентінің шақыруымен Қазақ еліне келді. Алғашқы Үкімет құрамында Премьер-министрдің орынбасары, Ғылым және жаңа технологиялар министрі қызметін атқарды.
– Ғалым мырза, 1992-1993 жылы Тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш Үкіметінің құрамында жүрдіңіз. Мемлекеттілігіміздің ірге тасының қалануында сіздің де қолтаңбаңыз бар. Қазір сол жылдарда ел назарында жүрген Тұлғаларды Ақордадан немесе басқа жақтан іздейтін болдық. Сіз қайда жүрсіз?
- Мені Ақордадан іздеудің қажеті жоқ. Мен еркін адаммын, өмір ағысы қайда жетелесе сонда жүремін.
- Мен өзімді ұлт имиджін көтеріп жүрген тұлғалардың қатарындамын санамаймын.
Рауан ІЛИЯСОВ,
"Адырна" ұлттық порталы