Атырауда жылу мен жарық беру қалпына келтірілді

73

Атыраудың сол жағалауында жылу мен жарық беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта энерготұтыну тәртібі қалпына келтіріліп, тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуде іркіліс болған жоқ. Мәлім етілгендей, 1 желтоқсан күні сағат 11:20-да Атырау Жылу электр орталығының бір турбинасы бір сағатқа істен шығуы себепті, энергожүйе жүктемесінде жүйелі шектеу болды. Бұл, Атырау қаласындағы энерготұтынушылардың бір бөлігінің жарықтан ажырылатуына әкеп соққан. Дер кезінде атқарылған іс-шаралар арқасында қазіргі уақытта құрылғы іске қосылып, турбинаның жұмыс тәртібі қалпына келтірілді.

 

Пікірлер