Ерлан Рысқали: Барым да, нарым да — Құдай берген талантым

3218

- Сізге сұхбат алмақ ниетпен ха­бар­ласқанымда, «менен бе?» деп қайыра сұрадыңыз. Неге таң­дандыңыз?
- Көп жағдайда әріп­тес­те­рі­ңіз мен арқылы бірқатар әнші­лер­ге шығып, тілдесіп жатады. Сон­дықтан табан асты, дәл бү­гін менен біреу сұхбат ала қояр де­п күтпеген едім.
- Жалпы, сұхбаттасудан қаш­пайсыз ғой…

- Егер сұрақ тікелей маған қа­­тысты болса, менің білетін са­­лам­мен байланысты қой­ыл­са, өз ойымды ортаға салып, бө­­лі­­суге әрқашан дайынмын.Ал ме­нің шамам келмейтін дү­ние­ге жа­нымды жеп, шыр­қы­рап алға шы­ғуға тырыспаймын. Көр­пеме қа­рай көсілемін. Онда да сәті тү­сіп, реті келіп тұрса… Жөн-жо­сықсыз атымды шы­ға­райын де­ген өлермендікпен ки­лік­пей­тін жерге кіріспеймін. Жал­ған жар­нама маған қажет емес.
- Қазақ радиосындағы «Назқоңыр», «Сал домбыра» ав­тор­лық хабарыңызда өзіңіз де өнер адамдарымен бір кісідей сұх­бат жүргізесіз… Өз салаңыз бол­­ғаннан кейін аса қиындық ту­­дырмайтын сияқты…
- Қазақ радиосынан 1 ма­мыр­­дан бастап қысқартуға ұшы­рап, жұмыстан кеттім. Оған дейін дәстүрлі ән өнерінің өкіл­­де­рін жақсы танығаннан соң, кім­нің бейімі қай бағытта еке­нін бі­ліп жүргеннен кейін, өз қа­за­ным­да қайнап, емін-еркін кө­сі­лу оңайырақ болғаны рас. Бар­лық хабарларымда талай топты жа­рып шыққан кіл жүйріктерді сөй­летіп, үзеңгі­лес­терімді әң­гі­ме­ге тартып, тал­пынып жүрген жас­тардың да тұсауын кесіп, бар мүм­кін­ді­гім­ше дәстүрдің дә­ріп­те­луін мақ­сат тұттым деп айта ала­мын.
- Ұлттық мұраға арналған ха­бардың жабылуына не себеп бол­ды?
- «Бағдарлама неге жа­был­ды?» деген сұрақ радионың бас­­шы­лығына қойылатын сұ­рақ се­кілді. Өз басым «Неге бұлай?» деп түсіндірулерін сұ­рап, әділдік із­деген жоқпын. Себебі пай­ғам­ба­рымыз «Ара­ла­рыңдағы әмір­ші­ге қарадан шық­қан құл болса да бағы­ның­дар» дейді. Мен осы қа­ғиданы ұста­намын. Әміршім бол­ған­нан кейін Қазақ радио­сын­дағы бас­шылыққа бағынуым ке­рек. Олар солай шешкен екен, мен келістім. Қалғанын өздері бі­леді.
- Ал кезінде телеарнадан не­ге кеттіңіз?
- Онда да қысқарту жүрді. Бі­рақ араға уақыт салмай, бір жұ­маның ішінде Жүрсін Ер­ма­нов ағамыз шақырып, «Ұлттық өн­ер­ге қатысты халыққа керек ха­бар­ларды дүниеге әкелерсің» деп ра­диоға қабылдаған еді…
- Бірақ әйтеуір нәпақасыз қал­ма­ған көрінесіз. Т.Жүргенов атын­дағы өнер академиясында дә­ріс бе­ретініңізді бүгін біліп отыр­мын…
- Жұмыссыз қалдым деп еш қай­ғырмаймын. Мені асырайтын да, бағатын да, қолдайтын да әлем­ді асыраушы — Алла Тағала. Қазақ радиосынан кете салы­сы­мен, Жамбыл атындағы қазақ мем­лекеттік филармониясы ұсы­­ныс білдіріп, осы ұжымға ән­ші ретінде жұ­мыс­қа орна­лас­тым. Ал академияға ке­луіме се­беп­­ші болған — әрі курс­тасым, әрі өнердегі ағам Ақан Әб­дуәлі.
2010 жылдың қыркүйегінен бас­­­тап осында Арқаның дәстүрлі ән мектебінен дәріс беруге ал­дырт­ты. Құдай қаласа, осы салаға бір­­жолата ден қоймақпын.
- Шамасы, ұстаздық қызме­ті­ңіз ұнаған-ау…
- Ұнайды. Бір жылдың ішінде қы­зығын да, қиындығын да көріп үлгердім.
Өзім Жүсіпбек Елебековтің кө­зін көрген, алғашқы шәкірті болған Са­нақ Әбеуов пен Бек­бо­лат аға­мыз­дан тәлім алдым. Екеуі­нің де са­бақ беру әдісі тілге жеңіл, жү­рек­ке қонымды. Оның үстіне, жүр­ген жерімде небір мық­ты дом­бы­рашылар мен ән­ші-жы­рау­лар­мен етене ара­лас­тым. Қазір соның пай­дасы тиіп, өнер­дегі аға­ла­рым­нан көрген-біл­ген, жиған-терген тә­жі­­р­и­бем­ді өзімнен кейінгілерге үй­ретіп жат­қан жайым бар. Ал­ды­ма кел­ген әр балаға әннің на­қы­шын бұз­дырмауға күш салып, та­лан­­тына қарай тапсырма беруге ты­рысамын. Жеке өз әнің болса, не істеймін десең де өзің білесің. Ал қазақтың әні — ұлттың бет пер­десі, айнасы, тарихы. Қалаған же­рің­­нен иірімін алып тастап, өз жа­ның­нан қалағаныңша қоса ал­­май­сың. Қазақ әніне, қазақ өне­ріне нем­құ­райлылық та­ны­ту- ұлттың та­мы­ры­на балта шап­қанмен бірдей деп бі­лемін.
- «Молдабайдың әніне» әдемі иір­ім, ерекше нақыш алып кел­ді­ңіз. Осы ән сізді танымалдылық шың­ына көтерді десек, қате­лес­пей­тін шығармыз…
- Бұл әнді жеткізуші негізі ақ­төбелік атақты әнші-термеші Әли Құрманов. Одан кейін бүгінгі за­манға лайықтап, өңдеп, бізге түрлендіріп таныстырған- Бекболат Тілеуханов. Мен екін­ші нұсқаны аздап то­лық­тыр­дым.

Жалпы, менің консер­ва­то­рия қабырғасынан бастап дәс­түр­лі ортаға Ерлан Рысқали ре­тінде танылуыма ықпал еткен — Нияз серінің «Балқурай», Жаяу Мұ­саның «Ақ сисасы», Уәйіс Шон­дыбайұлының «Боз­қа­­ра­ға­ны» мен Молда­бай­дың әні «Мол­­да­бай». Қайда бар­майын, көп­­ші­лік Молдабайдың әнін жиі сұ­райды, жақсы қабыл­дай­ды. Шы­нында, маған таны­мал­дылық алып келді десек бо­ла­ды.

Негізі, ата-анам өнерден құр ала­қан емес. Шешем — мұғалім. Әкем — мал дәрігері. Баянмен, дом­бырамен ән айтады. Кезінде Жә­­нібек Кәрменовпен қоян-қол­­тық араласқан. Осыдан төрт жыл бұ­рын ауылға барғанымызда, ше­­шем шай үстінде «Қарағым, ай­­на­лай­ын Молдабайдың әнін айт­­қа­ның дұрыс қой, жақсы орын­­дайсың. Бірақ одан басқа ән біл­­мейді емессің, неге халық­тың ал­дына басқасын алып шық­пай­­­сың?» деп айтып тастағаны бар. Со­дан кейін біраз уақыт Мол­­­да­бай­дың әнін шыр­қа­мауға ты­рыс­тым. Өйткені ше­шем үл­кен сын­шы. Өнерді жақсы тү­сі­не­ді. Көзі тірі кезінде әкем мар­­құм да артық-ке­мімді жонып, ақ­ыл-кеңесін бе­ріп отыратын. Мә­­­­дениет Ешекеев, Санақ Әбеу­ов, Жәнібек Кәрменовтер әкем­ді көргенде ««Қаламқас», «Ду­дар-ай» келе жатыр» деп қ­ау­­­­­­­­­­­­қыл­­­дасып қалады екен. Абай­дың «Айт­тым сәлем, Қаламқасы» мен «Мариям Жагорқызының әні» деп жүрген Үдебайдың «Ду­дар-айын» айтқанда, алдына жан сал­­майтын көрінеді. Атағынан ат үркетін осындай айтулы кі­сі­лер мойындаған соң, әкемнің те­­гін әнші болмағаны ғой. Өкі­не­тінім, еш жерде дауысы сақ­тал­мады. Енді жазып алып қа­лай­ық деп жүргенде, аяқ ас­ты­нан науқасқа шалдығып, арманда кет­ті. Ұзынқұлақтан естуімше, Кең­ес үкіметінің тұсында Семей ра­ди­о­­сы­нан әндері, концерттері бе­р­іліп тұрған көрінеді. Қазір іздес­тіріп жатырмын, әзірге нә­ти­­жесіз. Сіздердің газет­те­рі­ңізді пай­далана отырып, егер де әкем Рыс­қали Әзім­баевтың тас­па­лары бір кісі­лер­дің қолында сақ­талған бол­са, ха­барласуын өтін­гім ке­ле­ді.
- Үйдің үлкенісіз бе?
- Жоқ, кенжесімін. Шешем 11 құрсақ көтерген. Оның үшеуі қыз, тоғызы ұл. Бір ағамыз жігіт жасы — жиырма беске келген ке­зін­де қайтыс болды. Бір апайым ер­теректе дүниеден өтіпті.
- Қара шаңырақтың иесі екенсіз ғой…
- Иә, қара шаңырақтың иесі болу — кенже ұлдың мойнындағы аманат. Шешем де әлі күнге ай­тып отырады. Алайда қалаға ке­тіп, өнердің жолына түскеннен кей­ін әкем де, шешем де рұқ­сат­та­рын берген. Қазір, анамның қо­лында ортаншы ағам Айдын мен жеңгем Жанар бар.
Бауырларымның барлығы өнерлі. Баян, гитара, домбырада ой­найды. Балалық шағымызда әнді де, күйді де бірімізден-біріміз үйреніп өстік қой. Негізі, ең алғаш тұсауымды кесіп, өнер­ге баулып, ән құдіретін сездірткен әкем. Бір­жан салдың «Жонып алды» әні мен халық әні «Сұр­же­кей­ді» құла­ғы­ма әбден сіңіріп еді. Осындай сүй­екті әндермен сау­атымды аш­қан­нан кейін бе, жеңіл-желпі әуенге мүлде құ­март­падым. Ауыл­да да, Алматыда А.Жұбанов атын­да­ғы музыкалық мек­тепте оқып жүр­генімде де, консерватория қа­быр­­ғасында да тек халық әндерін на­си­хат­тай­тын­мын. Әу баста ірге та­сымның бе­рік қаланғандығынан шы­ғар, қа­зақ­тың ұлттық клас­си­ка­лық өнері­нен басқа әуенге менде қы­зы­ғушылық сезім болған емес.
- Жиын-тойда жұртты билету үшін жазып қойған эстрадалық әні­ңіз жоқ па?
- Кейде өз ортамызда Тоқтар Се­­ріковтің репертуарындағы «Сы­ған серенадасы» әнін сол өң­­деу­мен орындайтыным бар. Бас­қа арнайы ән жаздыртқан емеспін. «Эстра­­далық ән орын­дау маған ке­рек пе, керек емес пе?» деген сұ­раққа әлі күнге ой­ла­нып, бір ше­шімге келе алмай жүр­мін.
- Қара шаңырақты тастап, қа­ла­ға келгенде «Құрқылтайдың ұя­сы­на» қол жеткізе алдыңыз ба?
- Кейде «Атам қазақтың дәс­тү­рін сақтап, ұлттық өнердің соңында жүрген соң, анда-мында бас сауғалап, көшпелі қазақ бо­лып жүрміз» деп күлемін. Қа­ра­пай­ым қазақтың бір ұлы­мын. Алып бара жатқан дәулетім жоқ. Барым да, нарым да — Құдай бер­г­­ен та­лан­тым, дауысым, ән­ші­лігім, отба­сым, дос-жараным. Менің бар бай­лығым — осы. Адам ретінде өзім­ді бақыттымын деп есеп­тей­мін. Әуелі Алла Та­ғала өзін таны­тып, тура жолына сал­ды. Пайғам­бар­дың сүннетімен жү­руге нәсіп етті. Мұсылман болып жара­тыл­ға­ныма шүкір­ші­лік етемін. Үш жұр­тым түгел. 2007 жылы Жадыра Жұ­макүлбай есім­ді Абай өңірінің қы­зымен шаңырақ көтердім. Қы­зым бар.
Бұл дүниеде үйсіз жүрсем де, о дүниеде жұмақтан жақсы орын бұйырса деп тілеймін.
- Елбасының алдында жиі өнер көрсететін әншілердің бірі­сіз. Алғашқы кездесу қалай болып еді?
- 2005 жылы Елбасының ал­ды­на ән айтуға бардық. Сегіз се­рі­нің әні «Ғайни» мен Жаяу Мұ­са­ның әні «Ақ сисаны» айтып бер­­дім. Ол кісі риза болып, жа­ны­­на шақырып алып, қолымнан қысты. Сосын «Қазақта «Ас асату» деген ұлағатты дәстүр бар. Мен са­ған өз қолыммен аса­тайын» деп жай­нап тұрған дас­тар­қанның іші­нен бір түйір құрт алып, аузыма сал­ды. «Сен сонша дәмнің ішінен не­ге құртты ғана берді деп ойлап тұр­ған шығарсың. Біріншіден, құрт — қазақтың ұлттық тағамы. Бірақ қатты. Құрттың қаттылы­ғы­мен өмірдің қаттылығы бірдей. Ал се­нің жүр­ген жолың ақ, ашық бол­сын!» деп батасын берген еді.
- Көп жағдайда алдыңғы тол­қын кейінгі жастарға осындай се­нім біл­діре бермейді. Сіз соңыңыздан өс­іп келе жатқан өнерлі ж­а­с­­­­тар­ға се­­не­сіз бе?
- Сенемін. «Ел іші — өнер кеніші» дегендей, өкшемізді басып келе жатқан іні-қарын­дас­­та­рымыз жетерлік. Ұлттық өнер жақ­сы дамып келеді. Әңгіме оларды дұрыс тәрбиелеп, дұрыс бағыт-бағдар беріп, жағдайын жа­сау­да. Дәстүрлі өнерге бет бұр­ған қа­зіргі жастар жан-жақты білім ала­ды. Күй болсын, дауыс қою, фор­тепиано, сольфеджио дейсіз бе, әйтеуір музыкаға қатысты дү­ни­­енің барлығын меңгеріп жатыр. Әри­не, кері кетіп жатқан тұстары да жоқ емес. Әннің тарихына үңіл­мей, күй­ді түсінбей, техникаға са­лып, зы­рылдататындар бар. Со­лар­дың арасынан ілуде біреу жа­рып шығады ғой. Жүректеріне сөз, көкейлеріне ән қонбаса да қиын. Менің ойымша, дәстүрлі ән­шілік-жыршылық, күйшілік мек­тептерді, олардың бұрынғы, қа­зір­гі орындаушыларын салалап оты­рып, ән-күй сабағынан бастап оқу бағдарламасына енгізу керек. Біз­де, өкінішке қа­рай, ауыл мек­теп­терінде музыка са­бағынан сау­ат­ты маман жоқ. Өнер­ге үш қай­на­са, сорпасы қо­с­ыл­майтын, қо­лы бос адам жүр­гі­зе береді. Бұл дұ­рыс емес. Оқу­шы­ның барлығы ер­тең өнер ада­мы болып кетуі шарт емес, бірақ ән сабағы кәсіби дең­гейде өтіп, титтейінен ұлттық өнер­ді танып, білген баладан өсе келе, мықты тыңдарман шыға­ты­ны анық. Тыңдарман түзелсе, өнер­паздан да сұраныс екі есеге ар­тады.
Осының барлығын тезге са­лып, бір жөнге түсірсе, қазақ өнері­нің болашағы бұдан да жар­қын болары сөзсіз. Бұлыңғыр деп ай­туға аузым бармайды.
- Кейде дәстүрлі ән кеш­те­рін­де микрофон істемей қалып не­месе дұрыс қойылмай, әнші не­ге ұятқа қалып жатады?
- Өйткені бізде дәстүрлі ән­ші­нің дауыс мүмкіндігін ай­шық­тап, ерекшелігін ескеріп, оны қа­да­­ғалап, реттеп отыратын ды­быс ре­жиссерлері жоқтың қасы. Әб­­ден бір тетікті басып, фо­ног­рам­ма қо­сып үйреніп ал­ғандардың бұған ша­масы жетпейді. Бірде әншінің дау­ы­сы, бірде домбыраның дауы­сы басым түсіп, қиюы кетіп жата­ты­ны, сон­­дықтан. Әріптестеріме ұлт­тық өнерпаздарға микрофон қоя бі­­летін Мақсат Мұхитдинов, Бей­­­біт Ақош, Ермек Күсенов си­яқ­­­ты азаматтардың көмегіне жү­гі­­ну­ге кеңес берер едім. Мақсат аға­­­мыз уақытында Жүсіпбектің, Ға­­ри­фолланың, Жәнібектің дауы­сын жазған кісі. Ол біл­ме­ген­де кім біледі?! Осындай білікті аза­маттарға жағдай жасалып, оқу ор­даларында тәжірибесімен бө­лі­се­тін ашық сабақтар жүргізілсе, дұ­рыс болар еді. Ертең кімнен үй­ре­­неміз? Онсыз да жоқ режис­сер­ді қай­дан табамыз?
- Телеарнаға, радиоға төселіп қал­дыңыз. Телебағдарлама ашу ойың­ызда жоқ па?
- Бізде телеарналарда ұлттық мұ­­раны насихаттау жағы ақсап жат­­қаны айтылмаса да белгілі. Қа­зіргі продюсерлер шоу-бағ­дар­ла­маларға, арзан, жеңіл күл­кі­ге бейім. Санада ұлттық өнерге қа­­тыс­ты неше түрлі бағдар­ла­ма­лар тұр. Мұрат Әбуғазы, Жасұлан Ба­­зар­­­беков деген әнші-күй­ші­лер­мен бі­рігіп, бір телебағ­дар­ла­ма­ның жос­парын жасап едік, қол­дау жоқ. Сце­нарийіңізді бер­се­ңіз, идея­ңыз­ды алып қалады да, өзіңізге «сау бол» дейді. Өкі­ніш­­­ке қарай, ешқандай арнаның эфи­рі­нен шығара алмадық.
- Қандай атағыңыз бар деп жазайын…
-Менің атағым — Ерлан Рыс­қали. Басқа атақ-мансаптың ке­регі не?! Маған сол жетеді. Ме­нің аты-жөнімді ешкім тар­тып ала алмайды. Бұған қосым­ша, халықаралық, республика­лық байқаулардың же­ң­­ім­­­­па­зымын. Өз орнымен, жө­ні­мен берілген атақтан қашпау ке­рек. Бірақ өзім­­ді-өзім еш­қа­шан атақ, құр­мет­ке ұсын­бай­мын.
«Ат шығару жолында арын аттап, ант бұзған,
Пайғамбар мен перғауын болудан да дәмелі.
Құдай басқа бермесін,
Ондай кесел, пәлені» дейді ақын ағамыз Жарылқасын Аман­­ұлы. Ешкім атақпен көрге кір­­мей­­ді. Қанша атың дүрілдеп тұр­­са да, ахирет күні жаныңа ара­­ша бол­майды. Халық жыр­ла­­рында ай­тылғандай, «Бұл дү­ни­е­де ақын да, хан да, қара да, ба­тыр да өт­кен». Біреуіміз ерте, бір­еуіміз кеш, біз де өтерміз. Хакім Абай еш­қандай Нобель сый­лығының иегері немесе Халық қаһарманы емес қой. Қазақ үшін қалдырған мұ­ра­сы­мен мәңгілік жасай бер­мек. Алла Тағаланың «Қайда бар­саң­­дар да ұстаймын. Қайда бар­саң­­дар да ажалдың дәмін та­тасың­дар» деген сөзі бар. Қан­ша атақ­ты болсаң да ажалдың дә­мін та­туға тура келеді. Ең бас­тысы, сон­дай сәт туғанда ар­тың­да жақ­сы амалдарың мен ұрпаққа ата­лы мұ­раң қалса игі.


Әңгімелескен
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ,

«Айқын».

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket