Отандық кітап баспалары қосылған құн салығын төлеуден босатылады

975
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/kitap-oқu-02-960x500.jpeg?token=9f3ddeaf5ec979700391426f14ab7692
Отандық кітаптар мен оларды басып шығару қызметі 16% қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады. Бұл өзгеріс қазір талқыланып жатқан Салық кодексіне енгізілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.  Бұл шешім жұмыс тобының отырысында қаралып, қолдау тапқан. Аймағамбетовтің айтуынша, бұл жай ғана салықтық жеңілдік емес, ел болашағы үшін маңызды рухани әрі мәдени шешім. «Кітап — жай тауар емес. Ол — білімнің, мәдениеттің, тарихтың және ұлт болашағының кілті. Сондықтан бұл — терең мәні бар қадам», — деп жазды депутат. Депутаттың мәліметінше, әлемнің көптеген елдерінде кітаптар салықтан босатылған. Тіпті кейбір мемлекеттерде баспаларға субсидия беріліп, кітап басу ісі қаржылай қолдауға ие. Бұл — кітапты халық үшін қолжетімді етуге бағытталған саясаттың бір бөлігі.
Комментарии