«Алматы — біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында Алматы қаласының әкімдігі «Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды боя» іс-шарасын өткізетіні туралы хабарлайды. Акция үй маңындағы аумақтың эстетикалық мазмұны мен жеке тұрғын үйлердің қоршауын жақсартуға бағытталған.
Іс-шараға қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Қатысушыларға қоршауды, қақпаны бояуға арналған бояулар мен еріткіштер беріледі. Ол үшін аудандық абаттандыру бөліміндегі жауапты тұлғаға жүгіну қажет. Лак-бояу материалы тегін беріледі. Ескеретін жайт: бір қолға 2 келіден аспайтын бояу беріледі.
Бояу материалын алу үшін төмендегі мекен-жай мен байланыс нөміріне хабарласуға болады

| № | Аудан | Сақталу орны/беру | Жауапты |
| 1. | Алатау | Веселов көш, 18 «А» | Талғат +7 (708) 502 03 68 |
| 2. | Алмалы | Төле би көш, 67 | Нұрдаулет +7 (775) 888 77 55 |
| 3. | Әуезов | Мамыр - 1 ықш, 26/1 | Бауыржан +7 (707) 008 09 13 |
| 4. | Бостандық | Тәжібаев көш, 155 «А» | Лидия +7 (777) 684 99 44 |
| 5. | Жетысу | Тихов көш, 87 «А» | Нұрберген +7 (747) 772 74 78 |
| 6. | Медеу | Пушкин көш, 72 | Абылай +7 (778) 111 55 44 |
| 7. | Наурызбай | Байсұлтанов көш., 1/2 | Оңалбек +7 (707) 300 03 55 |
| 8. | Түрксіб | Шолохов көш, 9 | Болат +7 (747) 139 93 60 |

Новости по теме
Региональный круглый стол по обеспечению устойчивого финансирования НПО в рамках госсоцзаказа по ВИЧ и туберкулезу