Өзбекстанда 2025-2026 жылғы жылыту маусымында әлеуметтік қорғалуға мұқтаж отбасыларға 1 миллион сум (шамамен 40 488 теңге, 77 АҚШ доллары) көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиёевтің 5 сәуірде күшіне енген жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Көмек «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай реестрі» мен «Кедейлер тізіліміне» енген отбасыларға беріледі. Сонымен қатар, жергілікті «махаллинская семерка» кеңесі анықтайтын келесі санаттағы азаматтар да көмекке ие болады.
- асыраушысынан айырылған отбасылар;
- I немесе II топтағы мүгедектері барлар;
- мүгедек балаларға күтім жасайтындар;
- ұзақ уақыт емделуді қажет ететін мүшелері бар отбасылар;
- газ және орталық жылыту жүйесі жоқ көпқабатты үйлерде тұратындар.