Ресей мұнайының бағасы төмендеді

858
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/mұnaj-960x500.jpg?token=07c459cbfb508771addc3660479075e6
Ресейдің экспортқа шығаратын негізгі мұнай сорты – Urals – сәуірдің алғашқы күндерінде бірден 14-16 пайызға арзандап, 2023 жылдың маусымынан бері ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РБК-ға сілтеп. Сарапшылардың айтуынша, Urals бағасы бірнеше күн ішінде 10 долларға төмендеп, мұнай нарығындағы тұрақсыздықты көрсетті. Қазір бұл сорттағы мұнай бұрын-соңды болмаған қысымға тап болуда. Нарықтағы қысымның негізгі себептері бірнешеу екені айтылған. АҚШ енгізген жаңа сауда баж салығы, Ресей мұнайына бағытталған. Қытайдың жауап шаралары, оның ішінде импортты шектеу мен ОПЕК+ күтпеген шешімі – мұнай өндіру көлемін болжанғаннан көбірек арттыру. Бұл факторлар нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті бұзып, мұнай бағасының бірден құлдырауына әсер етті. 7 сәуірде әлемдік эталон болып саналатын Brent маркалы мұнай бағасы 63 доллардан төмендеді – бұл көрсеткіш соңғы рет 2021 жылдың сәуірінде тіркелген болатын. Бұл жағдай тек Ресей экономикасына ғана емес, сонымен бірге мұнай экспорттаушы өзге елдердің де бюджеттік жоспарларына әсер етуі мүмкін.
Комментарии