Қарағандыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында екі жасар баланы самокатпен жүрген кезде көлік қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 5 сәуір күні кешкі сағат 21:00 шамасында болған.
«36 жастағы Chevrolet Nexia көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен самокатпен өтіп бара жатқан 2 жасар баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полиция.
Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерге тұрғын үйлер орналасқан аумақтарда жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті. Ал ата-аналарға – тіпті көлік қозғалысы шектеулі аулаларда да балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берілді.