Қарағандыда екі жасар баланы аулада көлік қағып кетті

1408
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/policziya-kөligi-960x500.jpg?token=6126ce0faa44f46978476eb078b4846b
Қарағандыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында екі жасар баланы самокатпен жүрген кезде көлік қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 5 сәуір күні кешкі сағат 21:00 шамасында болған. «36 жастағы Chevrolet Nexia көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен самокатпен өтіп бара жатқан 2 жасар баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полиция. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Құқық қорғау органдары жүргізушілерге тұрғын үйлер орналасқан аумақтарда жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті. Ал ата-аналарға – тіпті көлік қозғалысы шектеулі аулаларда да балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берілді.
댓글
기타 기사