«Bishimbayev University». Сотталған министрдің әкесі университет аша ма?

2353
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/whatsapp-image-2025-04-03-at-14.52.59-960x500.jpeg?token=a63bf7857b94dafc7ad47c6d16e4c9b3

Ғылым және жоғары білім министрлігі Уәлихан Бишімбаевтың университет ашатыны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде «Bishimbayev University» жаңа оқу жылынан бастап жұмыс істейтіні, оның ректоры болып Уәлихан Бишімбаев тағайындалғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев ресми мәлімдеме жасады. Беркінбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-3-бабына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында қызмет көрсету үшін міндетті түрде лицензия алу қажет. Сондай-ақ, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес, тиісті рұқсатсыз немесе хабарламасыз білім беру қызметімен айналысуға болмайды. Осыған орай, Ғылым және жоғары білім министрлігі «Bishimbayev University» атауымен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия бермегенін және «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде мұндай өтінімнің тіркелмегенін мәлімдеді. Министрлік жоғары білім беру мекемелерінің қызметі заң аясында реттелетінін және заңсыз білім беру қызметімен айналысуға жол берілмейтінін атап өтті.
评论