Ақтаулық қазына іздеушіге Шопан-ата құдығын зерттеуге ресми тыйым салынды

1095
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан Шопан-ата жерасты мешітінің құдығын іздеу магнитімен зерттемек болған ақтаулық қазына іздеушіге бұл аймақты зерттеуге ресми түрде тыйым салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеп.

Ер адам Шопан-ата киелі-ескерткіш кешеніндегі құдықты зерттеуге рұқсат сұрап, өтініш жазған.

Қазына іздеушінің айтуынша, жерасты мешітін көптеген зияратшылар келіп көрген. Жергілікті қариялардың сөзінше, құдықтың ішінен бұрын екі шелек тиын жиналған.

Алайда өтініш иесіне құдықтың түбін зерттеуге рұқсат берілмеді. Ресми жауапта Шопан-ата жерасты мешіті республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілгені және оны алдағы уақытта ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралар тізіміне қосу мәселесі қарастырылып жатқаны айтылған.

"Құдықтың ішінде қандай да бір заттардың бар-жоғын анықтау үшін арнайы зерттеу жұмыстары қажет, өйткені кез келген басқа әрекет тарихи-мәдени мұра объектісінің сақталуына қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай жұмыстарды тек лицензиясы бар мекемелер жүргізе алады. Басқа тұлғалар жауапкершілікке тартылады", – делінген ресми хатта.

Сонымен қатар Балуанияз Мүсірепұлы кесенесіндегі құдықты (бұрынғы атауы – Қараған босаға үңгірі) зерттеуге де рұқсат берілмеген. Себебі бұл нысан да республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына кіреді.

Айта кетейік, қазына іздеушінің айтуынша, 1856 жылы бұл жерде 200 түрікмен мен 60 адай батыры арасында қанды шайқас болған. Сол ұрыста халық батыры Балуанияз Мүсірепұлы қаза тапқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер