Мәжіліс мінберінен айтылған сынның бағалануы әртүрлі

447
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанды ұзақ жыл басқарып, биліктен кеткеніне 6 жыл толғанда Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары тарапынан тағы да сыналды. Бұл жолы заң шығарушы орган мінберінен ол басқарған дәуірдің дағдарысқа ұрындырғаны айтылды.

Наурыздың 19-ында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билік еткен кезеңін сынға алды

Кеше Мәжілісте Президенттің реформаларын іске асыруға арналған Мәжілістің жалпы отырысы өткен. Алқалы жиында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елімізде суперпрезиденттік басқару моделінің дәуірі аяқталғанын айтып, бұрынғы жүйені сынады.

Бұл әрекетті тыныш деген шенеуніктің атынан айтылған ауыр сын ретінде бағалағандар бар. Шынымен, де Ерлан Жақанұлының экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынауының астарында не жатыр?

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНАН КЕЙІНГІ ӨЗГЕРІС

Саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов еліміз суперпрезиденттік жүйенің зардабын шеккенін айтады.

«Кешегі Мәжілістегі отырыстың негізгі тақырыбы президент Тоқаевтың билікке келгеніне 6 жыл толуына орай өтті ғой. Егер 2022 жылғы оқиғалардан кейінгі жағдайды есептейтін болсақ, президенттің үш жылдық қорытындысы болады. Осы тұрғылан алғанда бұл мәлімдеменің астары Қаңтар оқиғасынан кейін жасалынған Ата заңға енгізілген түбегейлі өзгерістер дер едім. Конституциядан Тұңғыш президентке қатысты ерекше заң алынып тасталды. Былайша айтқанда, кеше парламент мінберінен айтылған сөз суперпрезиденттік биліктің барлық нышандарын жоққа шығаруға бағытталған реформаның нәтижесі ғой», - дейді сарапшы.

Ол мұндай мәлімдеменің маңызды екенін айтады.

«Менің ойымша, заңнамалық органның мінберінен аталмыш мәлімдеменің жасаудың астары тереңде жатыр. Әрине, орталықтандырылған суперпрезиденттік жүйенің жақсы немесе жаман жақтары объективті т.рде қаралуы керек. Бірақ Қаңтар оқиғасына дейінгі және кейінгі біздің саяси ахуалды қарайтын болсақ, суперпрезиденттік жүйе асыра қолданылған өкілеттіліктерінің зардабын шектік. Қазіргі таңда 7 жылдық мерізімге шектелген демократиялық елдердегідей бір мерзімдік президенттік басқаруға көштік қой», – дейді ол.

БІР ПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТТІ ТҰСПАЛДАУ МА?

Саясаттанущы Қазыбек Майгелдинов Ерлан Қошановтың мәлімдемесінің астарында терең сыр жатқанын айтады.

«Бұл жердегі мен үшін ең басты тезис биліктегі шешім қабылдау орталықтары мен биліктегі құрылымдар арасындағы аражіктің жаңа кезеңі басталатын секілді. Менің ойымша, біз унитарлы мемлекет болғаннан кейін бір палаталы парламентке келе жатқан секілдіміз. Сол себепті аталған мәлімдеме болашақтағы бетбұрыстың нышаны болуы әбден мүмкін. Мысалы алдағы уақытта Парламенттің рөлі күшейетін секілді. Онсыз да қазір Мәжілістің рөлі күшейіп, Сенатқа қарағанда заң бойынша Мәжілістің құзыреті жоғары тұр», - дейді ол.

Айтуынша, қос палаталы парламент федеративті мемлекеттерге тән құрылым болып саналады.

«Қалай болғанда да парламентаризмнің 30 жылдық тарихынан өттік. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аймақтарды қолдан шығарып алмау үшін Сенат керек болған шығар. Ал қазір суперпризиденттік жүйеден кетсек те, енді бізге мықты заңнамалық орган, яғни бір палаталы мемлекет болуымыз керек. Осы тұрғыдан алатын болсақ, Мәжіліс төрағасының батыл қадам жасауының белгілі бір деңгейде нышаны бар десек артық айтпаған болар едік», - дейді ол.

«ЫҢҒАЙСЫЗ БОЛДЫ»

Қазыбек Майгелдиновтің пікірімен саясаттанушы Дос Көшім келіспейтінін аңғардық.

«Менің ойымша, дәл Ерлан Қошановтың экс-президентті сынауы ыңғайсыз болды. Себебі Мәжіліс төрағасы да Назарбаев құрған «Ескі Қазақстанның» ішінен шықан адам ғой. Нақтырақ айтсам, ол – Назарбаев тұсында Премьер-министр кеңсесінің басшысы және Қарағанды облысы әкімі болған азамат», - дейді саясаттанушы.

МӘЖІЛІС МІНБЕРІНЕН НЕ АЙТЫЛЫП ЕДІ?

19 наурызда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елде соңғы үш жылға дейін мемлекетте бір ғана адамның үстемдік етіп, бар байлықты санаулы адам иеленгенін, оның соңы дағдарысқа алып келгенін айтқан.

«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан» дейді дана халқымыз. Басқаша айтсақ, ондаған жылдар бойы нәтижесін беріп келген жүйе өз жұмысын тоқтатады деген сөз. Отыз жыл бойы Қазақстанда суперпрезиденттік басқару формасы қолданылды. Алайда, уақыт өте келе, ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген модель үлкен саяси дағдарысқа алып келді. Бұған негізінен мемлекетімізге бір ғана адам үстемдік етіп, елдің бар байлығын санаулы адам иеленуі себеп болды. Бұл жайт қоғамның ашу-ызасын туғызды және елдің дамуын тежеді», - деген Мәжіліс төрағасы.

Ерлан Қошановтың сөзінше, үш жыл бұрын елдің саяси жүйесін жаңғырту процесін бастау және биліктің бір ғана қолда шоғырлануынан арылу аса маңызды болғанға ұқсайды.

«Бүкіл биліктің бір қолда шоғырлануына мүмкіндік беретін жүйеден бас тарту қажет болды. Әлемде болып жатқан жағдайлар көптеген елде жоғарғы билікті басқа саяси институттарға беру және табыстау әлі күнге дейін түрлі дау мен пікірталасқа ұласатынын көрсетіп отыр. Біздің елімізде Президент, керісінше, өзінің жеке бастамасы бойынша өкілеттіктердің бір бөлігін қайта бөліп, бір реттік жеті жылдық мерзімді енгізді. Осылайша, суперпрезиденттік басқару моделінің дәуірі аяқталды. Яғни, елімізде бұрынғы саяси құрылым мен елді басқарудың қолданыста болған принциптері түбегейлі өзгерді», - деген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Көпке белгілі, Нұрсұлтан Назарбаев билік құрған жылдары Ерлан Қошанов атқарушы билікте әртүрлі жоғары лауазымдарда қызмет етті. Ол 2003-2006 жылдары Көлік және коммуникация вице-министрі, 2012-2017  жылдары  Премьер-министр кеңсесі басшысы, 2017-2019 жылдары Қарағанды облысының әкімі қызметтерін атқарған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер