ҚБТУ-ды Назарбаевтардан қайтаруға келіспеген тарап сотқа шағынбақ

1322
Adyrna.kz Telegram
Фото: kbtu.edu.kz
Фото: kbtu.edu.kz

4 наурызда Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) мемлекет меншігіне өтті. Оқу орны «Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» (ҚАБК) балансына берілді. Бұған дейін университетке иелік еткен NNEF қоғамдық қоры (бенефициары – Динара Құлыбаева) осыған қатысты сот шешімімен келіспейтінін және оны заң аясында даулауға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Қордың мәлімдеуінше, 27 ақпаннан бастап ҚБТУ-дың 100% акциясы ҚАБК-ға тиесілі. Бұл процесс сот шешімі негізінде жүзеге асқан, яғни университет ерікті түрде берілмеген. Алайда NNEF оқу орнын заңды негізде иеленгенін алға тартып отыр.

"Біз ҚБТУ-дың тұрақты дамуына мүдделіміз. Университетті дамытуға әрі қарай инвестиция салуға дайынбыз. Осыған байланысты, өз құқықтарымызды қалпына келтіру үшін заңды шараларды қабылдаймыз", – деп мәлімдеді NNEF.

"2018 жылы біз ҚБТУ-дың 100% акциясын ашық конкурс арқылы сатып алдық. Оны тәуелсіз Baker Tilly Kazakhstan Advisory консалтингтік компаниясы бағалап, келісім «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен жасалды. Сауда құны – 12,1 млрд теңге", – деп хабарлады қор өкілдері.

NNEF университетті дағдарыс жағдайында қабылдағанын атап өтті. Олардың айтуынша, 2018 жылы студенттер саны 1,9 мыңға жетпейтін, ал университет шығыны 2,7 млрд теңгені құраған. Бірқатар білім беру бағдарламалары, соның ішінде Қазақстандық теңіз академиясы мен Лондон экономика мектебі жабылу алдында болған.

Университетті басқарған жеті жыл ішінде қор оқу орнын түбегейлі жаңартқанын мәлімдеді. Студенттер саны 7,6 мыңға жетті, білім беру бағдарламалары 68-ге дейін артқан.

Бүгінде ҚБТУ - Қазақстандағы үздік 5 техникалық жоғары оқу орнының қатарына кіреді және QS халықаралық рейтингі бойынша Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы үздік 30 университеттің бірі.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер