Алматыда дін тақырыбындағы үздік материалдар байқауы өтеді

1174
Adyrna.kz Telegram

Алматыда дін саласындағы үздік материалдарға арналған байқау 6 жыл бойы жалғасып келеді.

Дәстүрге айналған ерекше байқау қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу үшін өткізіліп келеді. Байқауды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша "Жаухар" ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры" ұйымдастыруда.

Байқаудың негізгі мақсаты - діни экстремизмге қарсы іс-қимыл және конфессияаралық келісім идеяларын насихаттау, өзекті мәселелер бойынша үздік журналистер мен басқа да азаматтарды анықтау және ынталандыру және қоғамда тұрақтылықты нығайту мәселелеріне журналистер мен белсенді азаматтардың назарын аудару. Ұйымдастырушылардың сөзінше, журналистер мен БАҚ-ты, сондай-ақ, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша материалдар жариялайтын өзге азаматтарды қолдау байқаудың негізгі мақсаты болып табылады.

Өткен жылмен салыстырғанда байқаудың жүлде қоры өскен. 2024 жылғы байқаудың жүлде қоры 3 050 000 теңге болса, биыл жеңімпаздарға берілетін сыйақының жалпы көлемі – 3 500 000 теңге. Сондай-ақ, биыл жеңімпаздар өткен жылдағыдай 10 номинация емес, 7 бағыт бойынша бақ сынайды. Үздік пікір иесіне 150 000 тг, әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост – 250 000 тг, интернет-ресурста қазақ тіліндегі үздік мақала – 350 000 тг, интернет-ресурста орыс тіліндегі үздік мақала – 350 000 тг, «инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик – 600 000 тг, «тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик – 600 000 тг, үздік мотивациялық сөз және үндеу – 300 000 тг алады. Ал 10 қатысушыға ынталанлыру мақсатында 70 мың теңге көлемінде сыйақы берілмек.

Жобаның тиімділігін арттыру мақсатында әр жылы номинациялар саны мен түрлері өзгеріп отырады. Сонымен қатар, байқаудың басты талаптарының бірі – қатысушылар бұрын жасалған немесе басқа мемлекеттік органдардың тапсырысымен дайындалған материалдарды ұсынбауы тиіс. Барлық жұмыстар тек осы байқау аясында арнайы әзірленуі қажет. Аталмыш байқауға өткен кезеңнің жеңімпаздары жаңа материал ұсынып, қатысуына да мүмкіндік бар.

"Былтыр 10 номинация болды. Кей номинацияларға қатысушылардың қызығушылығы төмен болғанын, жұмыстың кішкене қиындық тудырғанын байқадық. Кей номинацияны қысқарттық, бірақ жүлде қорын көбейттік", - дейді бөлім басшысы Бақдәулет Әбдіхамитов.

Байқауға 16 жастан асқан Алматы қаласының тұрғындары, студенттер, зейнеткерлер де қатыса алады. Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Қатысушылар өз материалдарын 2025 жылдың 1 қазанына дейін жариялап, ұйымдастырушылардың поштасына жіберуі тиіс.

Қатысушылардың материалдары 2025 жылдың 1 қазанына дейін almaty.baiqau.2025@mail.ru ресми поштасына жолдануы тиіс. Арнайы құрылған қазылар алқасы барлық жұмыстарды қарап, жеңімпаздарды анықтайды. Ережеге сәйкес, комиссия құрамында кемінде 5, бірақ 9 мүшеден аспайтын сарапшы болуы тиіс. Сонымен қатар, қазылар алқасының мүшелерінің саны жұп болмауы керек. Оның құрамына Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері, дін саласындағы сарапшылар мен журналистер кіреді. Комиссияны төраға басқарады, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары жетекшілік етеді. Қазылар алқасы байқаудың іріктеу кезеңдерін зерделеп, қорытынды шешімді дауыс беру арқылы қабылдайды. Барлық шешімдер хаттамаға тіркеліп отырады.

Байқау жеңімпаздарын анықтау процесі ашық және әділ өтеді деп күтілуде. Қазылар алқасының шешімі негізінде жеңімпаздар 2025 жылдың қазан айының соңында марапатталады.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер