Қақтығыс "қаупі төнген" Қазақстан. Депутаттардың не білгені бар?

1872
Adyrna.kz Telegram

Дүниежүзілік экономикалық форумда Қазақстан  алдағы екі жылда қарулы қақтығыстар қауіпі жоғары 12 елдің қатарында екені жарияланды. Бұл нені білдіреді? Парламент өкілдерінің пайымы қалай?

Global Risk Report есебі бойынша Армения, Колумбия, Кот-Д-Ивуар, Қазақстан, Ирак, Израиль, Латвия, Румыния, Польша секілді мемлекеттерде алдағы екі жылда қақтығыс туы ықтимал делінеді. Егер елімізге қауіп төнсе, әскеріміз халықты қорғай ма, әлде билікті қорғай ма? Мәжіліс депутаттарынан сұрап көрдік.

Ержан Бейсенбаев: Соғысқа алып келетін әрекеттер жасамасақ  екен...

- Негізінде мұндай жағдайдан Алла сақтасын. Бірақ та жуырда «Қазақстанның әскері дайындығы жоғары деңгейде» деген ақпарат шыққан болатын. Сондықтан енді ол әскерге ғана емес, халыққа да байланысты болады. Біз өзіміздің арамызда шу шағармасақ яғни біреулерді жамандап немесе соғысқа алып келетін әрекеттер жасамасақ, соғыс болмайтын шығар деген ойдамын. Оны мемлекет қана шешпейді халықтың өзіне де байланысты болады.

Азат Перуашев: Дайын болуымыз керек!

- Соңғы кездері байқасаңыз, мемлекет тарапынан бірталай іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мысалы, жергілікті өзін өзі қорғау және резервтегі қызмет мәселелері жөніндегі  заң жобасы қабылданды. Әрине, қорғаныс саласына мән беріп жатқанымыз дұрыс. Біздің әрқайсымыз, яғни ел азаматы ретінде іштей де соған дайын болуымыз керек. Елімізден басқа ел,  бен жерімізден басқа бір жер жоқ. Сондықтан жерді қашан және кімнен болса да қорғауға дайын болуымыз керек!

Ерлан Сайыров: Дипломатиялық қадамдар жасау керек

- Қазақстан дүниежүзілік әртүрлі мемлекеттердің тектоникалық плитасында орналасқан мемлекет. Қазақстанның географиялық жағдайы өте күрделі. Ал география ол тағдыр. Өкінішке қарай, біздің екі жағымызда дүниені дүр сілкіндіріп отырған екі алпауыт – Ресей мен Қытай отыр. Сондықтан Қазақстан дүниежүзіндегі әртүрлі шиеленіске кіріп кетпеу және сол шиеленістерден жоғары тұру үшін дипломатиялық қадамдар жасау керек.

Бүгінгі таңда Қазақстан дәл осындай қадамдарды жасап жатыр.  Яғни біз Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің бір жағында емес, керісінше осы шиеленісті болдырмау жағын қарастырып жатқан мемлекеттердің біріміз. Міне осындай мемлекет ретінде Қазақстан Еуроодақпен де, Америка Құрама Штаттарымен де, Ресеймен де диалог жасап отыр. Бұл Қазақстанның қауіпсіздік деңгейін жоғарылатады.

Ермұрат Бапи: Резервтегі әскер дайындалып жатыр

- Әрине, қажетті әскер көлемін ұстап тұру кез келген мемлекетке оңай емес. Бізге, мәселен, қазіргі жағдайда жарты миллион әскер қажет болса, оны ұстап тұру біздің мемлекеттің экономикасына үлкен шығын, үлкен жүк. Сондықтан қазір қандайда бір қатер төнсе, резервтегі әскер дайындалып жатыр. Одан бөлек әскери борышын өтеп келген азаматтарды мобилизация арқылы шақыруға болады.

Резервтегі әскердің бір ерекшелігі – дабыл қағыла қалған жағдайда келісімге отырған резервист әскери бөлімге барып жүрмей, үйінде тұрған киімін киіп, бригадаға барады да өзінің әскери постына отырып бұйрыққа дайын екенін көрсетеді.

Асхат Аймағамбетов: ІТ және ЖИ саласында үлкен соғыс болып жатыр  

- Соңғы жылдары мемлекеттік бюджеттің қаражаты қарулы күштерді күшейтуге жұмсалып жатыр. Бұл тек қана мемлекеттің қаражаты емес, жалпы біздің еліміздегі құндылықтар, тұрақтылық, бірлік, патриоттық жұмыстарды қажет етеді ғой. Осыған байланысты мектептерде арнайы пән бар. Қазіргі таңда осы пәнді жандандыру бойынша патриоттық дайындық мәселесі де арнайы қарастырылып жатыр.

Жалпы, біздің армиямыздың ары қарай дамуы үшін жаңа құрал-жабдықпен қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп отыр. Бұл тек қана бір тарапта қарайтын мәселе емес, мұны кешенді қарауымыз керек. Әлемдегі геосаяси жағдай тұрақты болмағандықтан әр түрлі мәселелерге төтеп беруіміз керек. Бұл жерде экономикалық немесе ІТ саласындағы тұрақсыздық мәселесі болуы мүмкін. Жалпы ІТ мен ЖИ саласында үлкен бәсеке, үлкен соғыс болып жатыр. Бізге бұл аса бір көрінбейді, бірақ алпауыт мемлекеттер экономика мен ІТ саласында бір-бірімен соғысып жатыр. Сондықтан біз барлық салада бәсекеге қабілетті болуымыз үшін адами каптитал, еліміздегі бірлік пен экономикалық дамуға назар аударуымыз керек.

Руслан Берденов: Әскердегі әлімжеттік алаңдатады

- Іс жүзінде соғысты көрмей ақ қояық. Құдай көрсетпесін. Бірақ мен өз басым күмәнім бар. Өз басым әскердегі болып жатқан жүйесіздікке байланысты күмәнданамын. Жалпы, бізде жастардың әскерге баруға құштарлығы жоқ. Себебі сарбаздардың қаза болуы адамдарды алаңдатады. Әскерде әлімжеттік, «дедовщина» әлі де бар.

Депутат ретінде бұл сұрақты өзім де көтердім. Қару алып қолына соғысу емес, біздің көп адамдар қолына күрек алып, окоп та қаза алмайды. Сол үшін әскери саланы күшейтуіміз керек.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер