Қазақстан қарулы қақтығыс ықтималдығы жоғары елдердің қатарына енді

9387
Adyrna.kz Telegram
Сурет: e-history.kz
Сурет: e-history.kz

Дүниежүзілік экономикалық форум қарсаңында жүргізілген Global Risk Report зерттеуі Қазақстанды қарулы қақтығыс болу қаупі жоғары елдер қатарына қосты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Зерттеуге сүйенсек, бүгінде геосаяси жағынан қатерлі аймаққа 12 ел кіріп отыр. Олардың арасында Армения, Колумбия, Кот-Д-Ивуар, Ирак, Израиль, Латвия, Румыния және Польша мемлекеттері де бар.

Сауалнамаға әлемнің түкпір-түкпірінен 11 мыңнан астам респондент қатысқан. Нәтижесінде мамандар әлеуметтік, технологиялық, геосаяси, экологиялық және экономикалық салаларда кездесетін 34 түрлі қатерді анықтап отыр. Оның ішінде қарулы қақтығыс қаупі бірінші орынға шықты.

«Соңғы онжылдықта әлемде қарулы қақтығыстар көбейіп, үкіметтің күн тәртібінен ұлттық қауіпсіздік мәселесі түспейтін болады»,—делінген баяндамада.

Зерттеу барысында елімізде болуы мүмкін қауіптер ретінде қаруласқан қақтығыстар (мемлекетаралық, ішкі мемлекеттер арасындағы қақтығыстар, делдалдық соғыстар, төңкерістер және т.б.), экономикалық құлдырау, су ресурстарының жетіспеушілігі, кедейлік пен теңсіздік, инфляция мәселелері көрсетілді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер