Украинамен соғыс кезінде қаза тапқан 80 мың ресейліктің аты-жөні анықталды

807
Adyrna.kz Telegram
Сурет: delfi.lt
Сурет: delfi.lt

Украинаға жаппай басып кіру кезінде қаза тапқан ресейлік 80 973 әскери қызметкердің аты-жөні анықталды. Олардың жартысынан көбісі соғыс басталғанда әскермен байланысы болмаған. Бұл туралы ашық деректерге сүйене отырып, ВВС Mediazona басылымымен және еріктілер тобымен бірге анықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

Ақпаратқа сәйкес, еріктілер арасында қаза тапқандар санының жылдам өсуі жалғасып жатыр. Олардың көпшілігі алдыңғы шепке жіберілгеннен кейін екі-төрт апта ішінде қаза тапқан.

Алтай өлкесінің Заринск қаласынан 32 жастағы Никита Соловьёв 2024 жылдың 9 қыркүйегінде Украинаға аттанып, бес күннен кейін қаза тапқан.

Айта кетсек, еріктілер дегеніміз – толықмасштабты басқыншылық басталғаннан кейін ғана келісімшартқа қол қойған адамдар. Олардың жалпы қаза тапқандар арасындағы үлесі өсіп келеді және қазіргі уақытта Ресей тарапынан расталған жалпы шығындардың 22%-ын құрайды.

2023 жылдың қараша айында еріктілер тек 14%-ды ғана құраған болатын.

Қамауға алынып, соғысқа жіберілген тұтқындардың үлесі керісінше азайып барады. 2023 жылдың қараша айында олар жалпы шығындардың 26%-ын құраса, қазір бұл көрсеткіш 18%-ға дейін төмендеген. Дегенмен, тұтқындардан жасақталған бөлімшелер әлі де алдыңғы шепте орналасып, шайқастың бір бөлігін өз мойындарына алып отыр.

Пікірлер