Харристі қолдаған АҚШ-тың бұрынғы президенті Трампты құттықтады

1762
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/obama.jpg
АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама республикашыл Дональд Трампты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы AFP агенттігі 7 қарашаға қараған түні хабарлады. Обама сайлау науқаны кезінде Демократиялық партия атынан кандидат болған Камала Харриске қолдау көрсеткен болатын. Экс-президент өз сөзінде:
«Әрине, бұл біз күткен нәтиже емес. Бірақ демократия жағдайында өмір сүру әрқашан біздің көзқарасымыз жеңе бермейтінін мойындауды және билікті бейбіт жолмен тапсыруға дайын болуды талап етеді», – деді экс-президент Барак Обама.
Обама АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Камала Харрис пен оның вице-президент қызметіне үміткер серіктесі Тим Уолцты «мемлекетке ерекше қызмет еткен керемет тұлғалар» деп атаған. Айта кетейік, Харрис президент болып сайланған Трампты құттықтаған болатын.
Комментарии