«Меркур Таунда» болған оқиға. Тергеу қайта басталды

702
Adyrna.kz Telegram
Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Наурыз айында «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінің күзетшісін бірнеше рет көлікпен басып кеткен бұрынғы депутаттың ұлына қатысты іс туралы Алматы қаласы Полиция департаменті мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Күдікті дереу қамауға алынды. Бұрын сотқа дейінгі тергеу мерзімі сот-психиатриялық сараптама жүргізілуіне байланысты тоқтатылған болатын. Қазіргі уақытта іс қайта жанданып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Бұған дейін Алматы прокуратурасы күдіктінің уақытша психикалық ауытқуы немесе басқа да ауыр сырқатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу мерзімін тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Меркур Таун»  тұрғын үй кешенінің тұрғынының күзетшіні бірнеше рет жол талғамайтын көлікпен басып, кейін оның басынан секірген қатыгез  әрекеті видеоға түсіп қалған еді. Оқиға наурыздың 28-інен 29-ына ауған түні болған. Күзетші ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, сол жерде көз жұмды.

Кейіннен күзетшіні өлтірген азаматтың туыстары марқұмның отбасына ақша ұсынғаны белгілі болған еді.

Пікірлер