Жылу маусымында олқылық жіберген Саран әкімі қатаң сөгіс алды

192
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алды. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басшылар қаланы жылумен қамтуда олқылық жіберген. Салдарынан бірнеше үй жылусыз қалды.

Бұдан бөлек, облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланды.

«Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, атап айтқанда, жылыту маусымына дайындықты жете бақыламағаны үшін жазаланды. Қыс мезгілінде сапалы жылумен қамтамасыз ету біз үшін басты міндет екенін тағы бір мәрте еске салғым келеді. Жұмыс үздіксіз жүргізілуі керекч Әр жағдайға қатаң баға беріліп, жауапкершілік дәрежесі анықталады»,— деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Еске сала кетейік, екі апта бұрын Саран тұрғындары үйлерінде жылу жоқ екенін айтып шағымданған еді.

Пікірлер