Талғар әкімі мен орынбасары қызметтерінен босатылды

1862
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/aaf40813-d778-4600-91fd-642cb0ab4854.jpeg

Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін Талғар ауданы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Талғар қаласының әкімі Күрішбеков Бахыт Куатбекович, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін атқарып отырған лауазымдарынан босатылды”, — деп жазылған ресми ақпаратта.

Күрішбеков Талғарды 2022 жылдың жазынан бері

басқарып келеді. Сайлау алдында "Аманат" партиясы Талғар аудандық филиалының жауапты хатшысы қызметін атқарған.

Айта кетейік, 4 қазан күні Талғарда 16 жасар Шерзат Болат есімді жасөспірім 15 адамның қолынан қайтыс болған еді. Жасөспірімнің қазасынан кейін Шерзаттың туыстары істің ашық тергелуін талап етті. Одан кейін марқұм Шерзаттың үйін әлдекімдер өртеп кетті. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудыруда.
Комментарии