Сағат ауыстырғыш билік енді жедел жәрдемнің де жұмыс уақытын өзгертпек

1313
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/zhedel-zhәrdem-kөligi-960x500.jpg?token=7943968fbba253290797b72ecf880c88
Елімізде жедел жәрдем қызметінің жұмысы өзгермек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Нақтырақ айтсақ, 4-санаттағы шақыртуларға тәулік бойы қызмет көрсетуді тоқтатуы мүмкін. Ал құжат Ашық НҚА-да жарияланған.
4-санаттағы шақыртуға адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін аурулардың өршуі жатады.
"Денсаулық сақтау министрлігі 4-санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем қызметі жұмыс күндері таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 18:00 барады, ал сенбіде таңғы 8:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетеді", – деп жазылған құжаттың жобасында.
Денсаулық сақтау министрлігі:
"Қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды ұстау тиімсіз, бұл кредиторлық берешектің пайда болуына әкеледі", – деп жазылған құжаттың жобасында.
Осылайша, министрлік жедел жәрдемді шақырту уақытына өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Өзгеріс қолдау тапса, 4-санаттағы шақыртуға мамандар қоңырау түскен сәттен бастап 120 минут ішінде баруы шарт.
Комментарии