Президент "мемлекетке опасыздық" бабымен сотталған Сыроежкинге рақымшылық жасады

731
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен белгілі синолог Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы саясаттанушы Андрей Чеботаревтің мәліметіне сілтеп. 

Саясаттанушының айтуынша, Сыроежкиннен соттылық алынып тасталып, құқықтары қалпына келтірілген.

"Президент жанындағы рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықпен белгілі ғалым-қытайтанушы, саясаттану ғылымдарының докторы әрі профессор Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады. Осыған байланысты оның соттылығы алынып тасталды және ол өз құқығын қалпына келтірді. Жалпы, әділеттілік орнады!"- деп жазады Чеботарев.

Сыроежкин – тарих ғылымдарының кандидаты және саясаттану ғылымдарының докторы, ол қамауға алынғанға дейін Қазақстанда түрлі лауазымдарды атқарған болатын. Оның ішінде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары және талдау орталығының басшысы болды.

Сыроежкин 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері болып қызмет атқарды. Оның «Қытайдағы қазақтар: әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму очерктері», «Қазіргі Шыңжаң және оның қазақ-қытай қатынастарындағы орны», «Қазақстан-Қытай: шекаралық ынтымақтастықтан стратегиялық серіктестікке», «Қазақстан? қорқу керек» Қытай: мифтер мен фобиялар» атты кітаптары да бар.

Еске сала кетейік, алғаш рет Сыроежкин 2019 жылдың 5 мамырында әріптестерімен және туыстарымен байланысын тоқтатқаны белгілі болды. 16 мамырда оның "мемлекетке опасыздық жасады" деген күдікпен қамалғаны хабарланған.

4 наурызда Сыроежкиннің шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

 

Пікірлер