Қытайтанушы шартты түрде босатылмады

1547
Adyrna.kz Telegram
Сурет: fergana.agency
Сурет: fergana.agency

Отанға опасыздық жасады” деген айыппен 10 жылға сотталған қазақстандық белгілі синолог Константин Сыроежкиннің шартты түрде мерзімінен бұрын босату өтінімінен бас тартылғаннан кейін ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық игі бастамаларына саботаж жасалып жатқанын айтты. Бұл туралы Zona KZ жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Президент Қ.Қ.Тоқаевтың барлық игі бастамаларына тосқауыл қойылды (саботаж жасалды) немесе мүлдем керісінше жүзеге асырылуда», - деп жазды Сыроежкин интернет-газет редакторына жазған хатында.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату өтінімі қолдау таппағаннан кейін ол Бас прокурор Берік Асыловқа Қонаев соты мен Алматы облыстық сотының сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштерін қанағаттандырудан бас тарту қаулыларының заңдылығын бағалауды, сондай-ақ істерді қарауға қатысатын прокурорлардың қызметін бағалау және олардың шешімдерінің Конституцияға және «Прокуратура туралы» заңға сәйкестігін анықтауды сұрап жүгінген.

Айта кетейік, бұған дейін Константин Сыроежкин Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық жасауды сұрағанын жазған едік.

Еске салайық, 2019 жылы Константин Сыроежкин Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлімі «Мемлекетке опасыздық жасау» бойынша кінәлі деп танылған еді. Ол — қытайтанушы ғалым, көптеген кітаптың, сондай-ақ орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі мыңнан аса мақаланың авторы. Зерттеуші ұзақ жылдар бойы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері жұмысын атқарды.

Оның кітаптары: «Қытайдағы қазақтар: әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму очерктері», «Қазіргі Шыңжаң және оның қазақ-қытай қатынастарындағы орны», «Қазақстан-Қытай: шекаралық ынтымақтастықтан стратегиялық серіктестікке», «Қазақстан Қытайдан қорқу керек пе: мифтер мен фобиялар».

Пікірлер