V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бір қызығы, 9 қыркүйекте сағат 09:09-да қатысушылар 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-ұядан бастап есептеумен сайысқа түсті.
Сонымен қатар, ерекше айта кететін маңызды жаңалық – тоғызқұмалақ тақтасының ғарыш кеңістігіне шығуы. Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера
қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді.
”Бұл іс-шара – үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны”, делінген хабарламада.
Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақ турнирінде 41 елден, оның ішінде Колумбия, Бангладеш, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және Араб елдерінен келген 114 қатысушы бақ сынайды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз