Грант алмай қалған түлектер Ғылым министрлігін сотқа бермек

2138
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
орталық коммуникациялар қызметі
Фото: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі

Ұлттық бірыңғай тестілеу балы жоғары болса да, грант ала алмай қалған мектеп түлектері Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бермек. Бұл туралы әлеуметтік желіде адвокат Халида Әжіғұлова жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Сот жүйесі істі қараудан бас тартса, Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінеміз», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, балалар құқығын қорғаушы Медина Майсар әлеуметтік желіде гранттардың әділетсіз бөлінгендігі туралы жазды. Министрлік су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан келген талапкерлерге 5000 грантты жеке емес, жалпы гранттан бөліп берген.

Майсардың жазуынша, министрлік төтенше жағдайдан зардап шеккендерге жалпы гранттан емес, бөлек грант бөлуі керек еді. Жалпы гранттан бөлудің әсерінен жоғары балл жинаған түлектер грант ала алмай қалған.

«2024 жылғы гранттарды бөлу кезінде әділдік болды дегенге күмәнім бар. Сондықтан ТЖ квотасына бөлінген 5112 гранттың орнын толтыру және грант ала алмаған талапкерлер арасында қайта бөлуді ұсынамын», – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, білім және жоғары ғылым министрлігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан келген талапкерлерге 5000 грантты жеке емес, жалпы гранттан бөліп берген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер