8 адам қаза тапқан. Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік апаттың кадрлары пайда болды

2099
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/e7c4f9b6-c42d-440c-aac9-34dc1351fb44.jpeg

Ақтөбе облысында  8 адам қаза тапқан жантүршігерлік апат орнында фото мен видеолар пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеп.

Айта кетсек, 7 тамызда Самара-Шымкент тас жолының 862-ші шақырымында (Хромтау ауданы) жол апаты болып, жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысқан.

Ауыр жүк көлігімен соқтығысқан минивэнде 8 адам болған: үш ер адам және бес бала. Барлық жолаушылар мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Көлікте әкесімен бірге екі ұл – ағайындылар болған.

Білім басқармасының хабарлауынша, 7 тамыз күні таңертең Toyota Ipsum көлігі

Әйтеке би ауданынан Маңғыстау облысына бет алған. Балалар футбол турниріне қатысуы керек еді.

«Біздің мәлімет бойынша, балалар ата-аналарының рұқсатымен, тіпті кейбіреулері ата-аналарымен бірге Маңғыстау облысына 2013 жылы туған оқушылао арасында футболдан өтетін турнирге жолға шыққан. Бұл туралы бізге ресми ақпарат түскен жоқ. Ресми рұқсат, келісім жоқ», - деді ол бұған дейін Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Полицияның мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген, қазір түсініктеме беріп жатыр. Апаттың себептері анықталуда.

Комментарии