«Ғасырдың қара таңбасына» айналған Қытайдың ұйғырларға қарсы саясаты адам шошырлық. Себебі ұйғырларға агрессиялық сипаттағы саясат көрсетіп келген Қытайдан өзге елдер де қорқайын деді. Мәселен, Қытай СІМ хабарлауынша, Өзбекстан Қытайдың батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданындағы Қытай саясатын қолдайтын 50 елдің тізімінде. Алайда бұған дейін Қытайдан батыстың 22 елінің елшілері Шыңжаңдағы этникалық ұйғырлар мен мұсылмандарды жаппай ұстауды тоқтатуын өтінген. Ресей, Тәжікстан және Түркіменстан да аяқасты Қытайдың «сайқал» саясатын қолдай жөнелді. Бұл туралы Қытайдың сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Аталмыш елдер Қытайдың лаңкестік жолында сәтті күресіп жатқанын және «адам құқықтарын қорғауда» айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап көрсетуде. Мұсылман елдері де Қытайдың саясатын қолдады Сонымен қатар мұсылман елдері Қытайдың ұйғырларға қатысты саясатын да қолдады. Бұл тізімге Оман, Кувейт, Катар, БАӘ, Бахрейн, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Сирия, сонымен қатар көптеген Африка елдерінің, Куба, Мьянма, Филиппин өкілдері кіреді.
"Адырна" ұлттық порталы