Бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияға 50 мың адам қол қойды

1524
Adyrna.kz Telegram
фото: Kyzylorda News
фото: Kyzylorda News

Бүгін, 7 маусымда epetition.kz сайтында «Бұрынғы уақытты қайтару» деген атаумен жарияланған петиция тиісті 50 мың қолды жинады. Енді елімізде бірыңғай уақыт белдеуін алып тастау мәселесі қаралатын болады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сауда және интеграция министрлігі петицияны қарастыруға қабылдап алғанын, бұл процеске 40 күн кететінін мәлімдеді.

«Министрлік мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестік өкілдерін қамтитын жұмыс тобын ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заң талаптарына сәйкес жүргізіледі»,- делінген хабарламада.

Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен еді.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы қазан айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қол қойды. Бұл заң бойынша 50 мыңнан аса дауыс жинаған петицияны үкімет қарауға тиіс.

Бұған дейін утильалымына қарсы петиция 50 мың қол жинады.

Пікірлер