Бишімбаев ісі. Прокурор үкім көп өзгертілмейтіндей етіп шығарылғанын айтты

2214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_6161.jpeg
Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылды. Прокурор сотталушының мерзіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін экс-министр Бишімбаев 24 жылға түрмеге қамалды. Прокурор Айжан Аймағанова 24 жыл - тағайындалған айыптарға сәйкес ең жоғарғы жаза екенін айтты. Негізінен жәбірленуші тарап "Адам өлтіру" бабы бойынша 20 жыл, "Азаптау" бабы бойынша 7 жыл тағайындауды сұраған. "24 жыл деген - ең ауыр жаза. Соңғы 5 жылдағы тәжірибеге сәйкес, алқабилердің қатысуымен өткен сотта аталған санаттағы істер бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы мүлде қолданылмаған", - дейді Айжан Аймағанова. Сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын елорда іргесіндегі қатаң режимдегі колонияда өтемек.
Комментарии