Құлыбаев су тасқынының салдарын жоюға 30 млрд теңге аударды

1537
Adyrna.kz Telegram
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы, миллиардер, кәсіпкер Тимур Құлыбаев Атырау облысындағы су тасқыны зардаптарын жойып, өңірді қалпына келтіруге 30 млрд теңге бөледі. Бұл туралы Energy monitor телеграм-арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қаражат тұрғын үйлерді жөндеуге және жаңадан салуға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жұмсалады. Шығын есептеліп болғасын, бұл жұмыстар шұғыл түрде жүргізіледі.

«Су тасқынынан зардап шеккен әрбір жанның қайғысына ортақпын. Апаттың алғашқы күннен бастап қарғын судың астында қалған аймақтарға көмек қолын создық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен барлық қиындықты еңсеретінімізге сенімдімін», - деді Тимур Құлыбаев.

Айта кетейік, қазақстандық кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынының салдарын жоюда бірлесіп әрекет ету туралы ұсынысын қолдады.

Еске салайық, бұған дейін Тимур Құлыбаевтың бақылауындағы Atlas Development және Omirex компаниялары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) бизнеске өткен жер учаскелері бойынша өткен сотта жеңілгенін хабарлаған едік.

 

 

Пікірлер