Сумин су қоймаларындағы жағдайды айтты

710
Adyrna.kz Telegram
Фото: qyzyljarnews.kz
Фото: qyzyljarnews.kz
Су ресурстары мен ирригация министрлігі еліміздегі су қоймалары туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Қазіргі су ағыны 1980 жылдан бері ең ірі су тасқыны. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

"Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы орта есеппен 99%-ға толды, екі нысан да транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының су жинау көрсеткіші орта есеппен 95%-ды құрайды. Нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде, су ағынының азаюы байқалады.

Шығыс Қазақстан облысындағы бес ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 62%, олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.

Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы орта есеппен 59%-ға толғанжәне штаттық режимде жұмыс істеуде.

Қарағанды облысының төрт ірі су қоймасы бойынша су жинау көрсеткіші – 98%. Өңірде су тасқыны кезеңі өтті.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасы орта есеппен 95%-ға толды. Аймақта су тасқыны байқалады.

Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100% толды", - делінген министрлік хабарламасында.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ресей су ресурстары федералды агенттігінің басшысы Дмитрий Кирилловпен апатқа қатысты телефон арқылы тұрақты байланыста екенін мәлімдеді. Қос тарап гидротехникалық нысандардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын жіті бақылауда ұстап отырғаны айтылды.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстанға Ресейден көп мөлшерде су келіп жатқаны туралы жазған едік. 
Пікірлер