"Президент бағалайды". Су министрі жауапкершілікті айтқанда елді ескермеді

1667
Adyrna.kz Telegram
Су ресурстары және ирригация министрі   Нұржан Нұржігітов (оң жақта).
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов (оң жақта).

Бүгін Үкімет отырысынан кейін су тасқынына байланысты баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Жиында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке «Сізді Жамбыл облысы әкімі болғаннан бері жақсы білеміз. Ол жақста да өзіңіз іскер әкім ретінде көріне қойған жоқсыз. Су министрі ретінде лауазымды қызмет атқарып жатырсыз. Кеше президенттен сөгіс естідіңіз. Сіз өзіңізді Су министрі болуға лайықтымын деп есептейсіз бе?» деген сұрақ қойылды.

- Өзіңіз дұрыс айттыңыз. Бүгінгі күні Президент тарапынан тәртіптік жауапкершілікке тартылдық. Ары қарай осы жұмысқа лайықты немесе лайықты емес екенім бойынша Президент шешім қабылдайды. Біз жұмысты қалай атқарып жатқанымызды Президент бағалайды, - деген министр жауабында халы, ел алдындағы жауапкершілік туралы тоқталып жатпады.

- Бүгінгі күні министрліктің жұмысы төтенше жағдайға байланысты оның салдарын жоюға бағытталып отыр. Алты айдың ішінде біз құқықтық базаны қалыптастырдық. Бүгінгі әр жергілікті атқарушы органмен қандай жұмыстарды атқаруымыз керек, қандай көлемде екені жайлы жоспарларымыз бар. Алты айдың ішінде сол ауқымды жұмыстарды атқаруға ешқандай мүмкіндік болған жоқ. Қыркүйек айынан бастап осы бүгінгі күнге дейін мүмкіндік болмады, - деген Су министрі министрлік сайтындағы мәліметтерді тізбелеп кетті.

Оның айтуынша, бүгінгі күні 20 су қоймасын салу жоспарланып отыр.

- Мен баяндамда айтып кеткендей, 9 су қойманың жобалаушы жоспарлары дайындалып жатыр. Алтауы бірінші жарты жылдықта дайын болады. Одан бөлек 15 қорғаныста бар гидротехникалық құрылғылардың қайта жөндеу жұмыстарын қарастырып жатырмыз. Осы жұмыстардың арқасында 134 елді-мекеннің, жалпы саны екі жүз мың асатын халыққа судан төнетін қауіпті төмендетуге мүмкіндік болады. Әрине, оған уақыт керек. Сол жұмыстарды жеделдетуге күш салып жатырмыз», – деді ол.

Еске сала кетейік, сала министрі өткен аптада Президенттен қатаң сөгіс алған.

Пікірлер