Тағы да әскер саласындағы қайғы

1074
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде 1 курстағы курсант өзіне оқ атып, қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп.

Бұл жағдайды Қорғаныс министрлігі растап отыр.

Курсант кезекшілігін атқару барысында өзіне бекітілген қарудан оқ атып алған.

"2024 жылдың 13 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып алған. Салдарынан ол мерт болды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы және әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген ведомствода.

Қазір курсант өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.

Еске сала кетейік, бұл әскер саласындағы алғашқы қайғылы оқиға емес. Осыған дейін туыстарынан 300 мың теңге сұраған 19 жастағы курсант асханада асылып қалған. Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтында да курсант оқ жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінген. 

Пікірлер