"Қазақмыс" компаниясының 39 жастағы қызметкері шахтада қаза тапты. Жазатайым оқиға Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау-кен шебері ауыр жарақат алып, көз жұмды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр, - делінген хабарламада.
Бұған дейін "Қазақмыс" кенішінде алты жұмысшы жарақат алғаны. Конвейердің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар "Стакермен" бірге кен үйіндісіне құлаған. Оқиға Ұлытау облысында "Қазақмыс" тобының "Жыланды" кенішінде болды.
Новости по теме