Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша екі ел арасында тұрақты диалог қалыптасқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ресей Президенті Владимир Путиннің жуырда Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар тату көршілік қатынастарды жан-жақты нығайтуға бағытталған өзара ұмтылысты тағы да растады. Сонымен қатар кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері және даму перспективалары қарастырылды.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы желтоқсан айында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазақстандағы радикалды ұлтшылдар мен русофобия туралы айтып, Ресейдің олармен күреске «көмек беруге дайын» екенін мәлімдеген болатын. Артынша Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналистерге Бородавкиннің берген сұхбатына қатысты пікірін білдірген болатын.
«Елшінің сұхбатының кей тұстары оның мәртебесіне сай келмейді әрі пайда әкелмейді деп ойлаймын. Бородавкин мырза өте
Новости по теме
«Адырна» ұлттық порталы