Өзбекстанда қоғамдық орындарда ниқаб тағатындарға айыппұл салынады

2769
Adyrna.kz Telegram
Сурет: iz.ru
Сурет: iz.ru

Өзбекстан үкіметі қоғамдық орындарда ниқаб тағатындарға айыппұл сала бастайтынын мәлімдеді. Айтуларынша, жаңа заң — елдегі діни экстремизмге қарсы ауқымды күрестің бір бөлігі. Тиісті жарлыққа Өзбекстан президенті қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әділет министрлігі заң қоғамдық қауіпсіздікті қорғау үшін қажет деген мәлімдеме жасады.

«Қоғамдық орындарда тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетін жауып жүру 3,3 миллионнан 4,95 миллион сумға дейін (126 мың теңгеден 189 мың теңгеге дейін — ред.) айыппұл салуға әкеп соғады»,—делінген хабарламада.

Елде заңды сынаушылар да бар. Олар бұндай шара діни сенім бостандығына нұқсан келтіреді дейді. Айтуларынша, ниқаб әйелдің жеке таңдауы және үкімет олардың діни сенімдеріне араласпауы керек.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанда дүкеннің діни атауларын өзгертіп, арабша жазуларды алып тастау тапсырылғанын жазған едік.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер