Өзбекстанда дүкеннің діни атауларын өзгертіп, арабша жазуларды алып тастау тапсырылған

2467
Adyrna.kz Telegram
Фото: azattyg.org
Фото: azattyg.org

Соңғы бір апта ішінде Ташкент билігі 10 халал мейрамхананы жабуға шешім қабылдаған. Аталмыш мейрамханаларда алкоголь сатылмаған. Бұл туралы  «Азаттық радиосы» жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, ақпаратты анонимді түрде мейрамхана иелері берген. Олар мейрамханаларды қайта ашу үшін спирттік өнімдерді сату керегін айтқан.

Айта кетейік, спирттік өнімдерді Ислам діні бойынша сату мен қолдануға тыйым салынған, алайда Өзбекстанда оған тыйым жоқ.

Кәсіпкерлер тексеруші тарап мейрамхананы не үшін жабатынын ескертпегенін, құжат та көрсетпегенін мәлімдеді. Санэпидемиология қызметі де нақты себепті айтпаған.

Озодликтің жазуынша жабылатын мейрамханаларды алдын-ала тексеру әрекеттері болған. Әкімдік қызметкерлері мейрамханаларға келіп, ішімдік тапсырыс беріп, сыйыну бөлмелерінің бар-жоқтығына көз жеткізген. Осындай тексерулерден кейін жабылуға тиіс мейрамханалар тізімі жасалған.

Санэпидстанция мейрамхананың асханасын тексерді, ал салықтық бөлімшелер касса мен құжаттарды қарады. Қауіпсіздік қызметтері сыйыну бөлмелері бар-жоқтығын қарап, мейрамхана қызметкерлеріне діни бағыттағы сұрақтар қойды. Кейде олардың телефондарын да тексеріп шықты, - дейді мейрамхана иелері.

Бірқатар ақпарат көздері Өзбекстанда соңғы айларда діни радикализмге қарсы күресті күшейту әрекеттері басталғанын хабарлады. Ташкентте діни кітап, иіс су және киім сататын дүкендерді қатаң бақылауға алу, тіпті жабу әрекеттері іске асты. Дүкен иелеріне дүкеннің діни атауларын өзгертіп, дүкен сыртындағы және ішіндегі арабша жазуларды алып тастау тапсырылған.

Сонымен бірге әйелдерге хиджаб киюге тыйым салынса, ерлерге сақалын қыру тапсырылған.

Пікірлер