Қарағандыда ұшақ апатынан қаза болғандардың кім екені анықталды

3416
Adyrna.kz Telegram

30 қыркүйек күні Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде екі орындық ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан ұшақ командирі мен әскери институттың курсанты қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Азаматтық авиация комитетінің мәлімдеуінше, әуе апатынан қаза тапқандар – 1097 сағат ұшу тәжірибесі бар ұшақ командирі (ұшқыш-нұсқаушы) мен Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты.

«Ұшқыш 28.11.2019 жылы берілген №000012 жарамды CPL (A) куәлігіне ие. Нұсқаушы ұшқыштың 01.07.2025 жылға дейін жарамды арнайы белгісі  «КАМА» ЗТБ-ға енгізілді», - деді Азаматтық авиация комитеті.

Аталған жайттан кейін, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду P2002-JF әуе ұшағының апатына байланысты операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді. Жиында операциялық орталық Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің апатты жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды және тергеу жүргізу үшін құжаттар дайындалды.

Сонымен бірге Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 30 қыркүйегінде оқу-жаттығу кезінде Қарағанды облысындағы Балапан алаңында P2002 типті Upla286 ұшағы сағат 07:46-да ұшып шыққаннан кейін байланысқа шықпаған. Іздеу барысында талқаны шыққан ұшақ пен екі адамның денесі табылғанын жазған едік.

 «Адырна» ұлттық порталы

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер