Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге көңіл айтты

2308
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/9770dfa6d7ee4a8aa3fcaa9a8ca4e3e9.jpeg
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алви атына жедел хат жолдады. Елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты басу айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Ресми ақпарды Ақорда таратты. Жедел хатта:
"Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді", - деп жазылған.
Еске сала кетейік, Пәкістанда Джамиат Улема Ислам-Фазл (JUI-F) ислам партиясының жалпыұлттық парламент сайлауы қарсаңында өткізген съезі кезінде жарылыс болды. Салдарынан 44 адам қаза тапты.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии