Назарбаев - Лукашенко сөйлесуіне СІМ түсінік беруге мәжбүр болды

2838
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенконың арасында талқылануы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Беларусь Президенті – экс-президентімізбен (Нұрсұлтан Назарбаев — ред.) бұрыннан жақсы араласады. Сондықтан олардың арасында өзара айтатын әңгіме көп. Өздеріңіз білетіндей, еліміздің сыртқы саясатын, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасын айқындау Мемлекет басшысының құзыретіне жатады. Сондықтан, Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек қазіргі президенттер арасында талқылануы мүмкін.

Айта кету керек, Беларусь Республикасымен біздің қарым-қатынасымыз стратегиялық сипатқа ие, күн тәртібінде тұрған мәселелер жоқ. Екі ел арасындағы барлық деңгейдегі тұрақты және басқа да байланыстар сақталады»,—деді ол.

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей басшысы Владимир Путинмен және Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескенін айтқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер