«Парасатты, білімді, адамгершілігі жоғары, жомарт адам»

4744
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» сайтында Моңғолияда тұратын Бекболат Ғафуұлының «Төленнің кейбір айтып отырған сөздері жалған» деген тақырыппен сұхбаты жариялаған. Онда ол қазақстандық кәсіпкер Төлен Тоқтасыновтың Ғалымжан Жақияновтың үстінен Моңғолия заң орындарына шағым түсіргенін айтқан. Алайда сұхбат соңынан сұхбат берушінің жерлестері хабарласып, өз пікірлерін білдірді.

Бекболат Ғафуұлының айтуынша, сол арыз бойынша Ғалымжанды тексерген. Тексеріс барысында одан ешқандай заң бұзушылық анықталмады. Содан кейін Ғалымжан Төленге қарсы өзінін абырой беделін қорғау үшін шағым түсірген.

Осы сұхбат жарияланғаннан кейін «Адырнаға» Моңғолиядан өз пікірін айтып, жолдағандар адамдар болды. Мәселе біржақты болмас үшін, ақпарат ұүралы бір тарапты жақтады демес үшін екінші тарапқа да сөз бергенді жөн көрдік.

Баян-Өлгий аймағының дене шынықтыру, спорт басқармасының бастығы Қайнар Қайсанайұлы былай деп жазыпты.

«Нағыз адамгершілікке тән қасиетті  Төлен Тоқтасынов ағадан көруге болады.

Соңғы кезде менің бірге туғаным емес болса да туғандай болып құрметтеп қадірлеп жүретін ардақ тұтқан Төлен  ағамды қыйын қыстау кездерде де, жақсы жүрген кездерде де бірге жүрген, үлкен  саясатта да, үлкен бизнесте де көп жылдар бірге жүрген ажырамас ең жақын досы болған адамы қиын жағдайға тақап жүр дегенді естіп ішім қынжылып  көңілімде, көкірегімде жүрген ой пікірімді бір ауыз жазғым келді.  

Әкем екеміз 2008 жылы жазғытұрым Улаанбаатар қаласында іс қызметпен жүрген кезге сәйкестік болып ең алғаш Төкең ағамен танысып бір дастарқанда дәмдес болғаннан бастап араласып аға бауыр болып жүргеннен бері осы жылға дейін 15 жылдың жүзі болыпты.

Сол кезде аймағымыздың бокс спортына жанашыр,  қамқоршы,  демеушілік жасайтын адам табылмай менің баперлік қызметтен көңілім қалып, үмітім үзіліп жүрген кез еді...

Аллаһым Төкең ағамен қалай кезіктірді аймағымыздың бокс спорты жаңа серпіліс,  жаңа жолға, жаңа қадамға басып, даму жолын тапты деуге болады.

Турасын айтқанда, менің бокс спортына деген үмітімді ояатып, жолымды ашқан Төлен Тоқтасынов аға деп айтсам артық болмас.  

Осы уақытта Төлен ағаны қаншалықты ұлт жанашыры,  досына адал, шыншыл, ақыл, парасатты, білімді, адамгершілігі жоғары, жомарт адам екеніне көзім жеткен.

Төкең ағаның демеушілік жасаған  2009-2012 жыл аралығында жасөспірімдер, жастар арасында Моңғол елінің біріншілік сыналту бәсекесінде Баян-Өлгий бокс құрама командасы  алғашқы 1, 2, 3 орында топ жарған, талай чемпиондар, жүлдегерлер шыққан тарихи кезең.

Бокс спорты жоғары деңгейде дамыған Қазақстан елінің Бокс федерациясының бас қасында жүрген ағалармен тығыз байланыс осы кезден басталған.

Тіптен сол кездерде, сол елдегі Халықаралық жарыстарда жүргенде Қазақстандық қаншама спортшы, баперлерге Төкең қол үшін беріп демеушілік жасаған туралы да өздерінен естіп жүретінмін.

Бірақ бүгінде дейін Төкең аға осы тұралы айтып өзін жарнамалатып көрген емес.

Бүгін ағаға нақақтан жала жауып, жаман адам болдырып көрсету үшін біреулер, дұшпандар талпынып жатқандықтан әдейі ел білсін деген оймен осы ақиқатты жазып отырмын.

Төкең тек қана спортқа жанашырлық танытқанымен қоймай басқада сала, жетім-жесір, кедей-кепшік, ауыру-сырқау, жоқ-жітікке көмектесіп қол үшін беріп жүргені туралы да талай адамның ауызынан естіп жүртінмін.

Ал өз ауызынан бір де бір мақтанып,  істеген ісін жарнамалап жүргенін көрген емеспін.

Сондықтан мен Төлен ағаны ешқашан жаман қылық жасайды дегенге сенбеймін.

Олай болуы мүмкін емес деп ойлаймын.

Ісі ақтың құдайы жақ дейді.

Төкең аға, сізге айтарым еш қашан мойымаңыз, бәрі қаз-қалпына келеді дегенге сенімім зор!»

Бұған қоса Төлен Тоқтасыновқа тілектестігін білдіріп, лебізін видео-үндеумен білдірген бір топ бар.

Олардың арасында мемлекет және қоғам қайраткері, аймақтық партия комитеттерінің екінші және бірінші хатшысы болған, кейін депутаттыққа сайланған, Моңғолияның Австрия, Венгрия елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор СұлтанТәукейұлы бар.

Бұған қоса тағы бір қоғам қайраткері, Моңғолиядағы қазақ қауымдастығының басшысы, Баян-Өлгий аймағының алдымен аймақ құрылтай төрағасы, кейін аймақ бастығы болған профессор Хабсаттар Омарұлы да жүрекжарды тілегін білдірген. Баян-Өлгийдің экс-губернаторы Хабсаттар Омарұлы да лібізін айтқан.

Сондай-ақ Өркенбек Абайұлы, Мұхамет Ховдошхан тәрізді азаматтарға қоса, қазақстандық өнер қайраткері Нұрлан Өнербаев та өздерінің пікірлерімен бөліскен.

Пікірлер