Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев 2 айға қамауға алынды

2255
Adyrna.kz Telegram

Пара алды деген күдікпен ұсталған бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 2 ай қамауда отыратын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Нұржан Әлтаевқа қатысты бұлтартпау шарасы белгілі болды. 2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Н. Әлтаевты 2 ай мерзімге күзетпен қамау түріндегі бұлтартпау шарасын енгізді», - делінген елорда сотының хабарламасында.

Еске сала кетейік, 7 маусымда Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Кейінірек Антикор Нұржан Әлтаевтың Абылай Мырзахметовтен ай сайын 5 мың доллар пара алып отырғанын хабарлады.

«Нұржан Әлтаев 2018-2019 жылдар аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бола тұра, жүйелі түрде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен пара ретінде ай сайын 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақша қаражатын алып отырды деп күдіктенеді. Кейіннен Әлтаев 2019-2020 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты лауазымын атқара отырып, Мырзахметовтен пара алу бойынша өзінің сыбайлас жемқорлық қызметін жалғастырды. Жалпы алғанда, ол пара ретінде 135 000 АҚШ долларын алды. Бұл аса ірі көлем болып саналады», - деп хабарлады Антикор.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер