Әлтаев 135 мың доллар көлемінде пара алған болуы мүмкін – Антикор

2424
Adyrna.kz Telegram

Экс-мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алды деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әлтаев 2018-2019 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бола тұра, жүйелі түрде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен пара ретінде ай сайын 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақша қаражатын алды деп күдіктенеді.

Кейіннен ол 2019-2020 жылдар аралығында Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымын атқара отырып, Мырзахметовтен пара алу бойынша өзінің сыбайлас жемқорлық қызметін жалғастырды.

Жалпы алғанда, олар пара ретінде 135 000 АҚШ долларын алды. Бұл аса ірі көлем болып саналады»,—деп жазды Антикор.

Айта кетейік, 7 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Нұржан Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады. Ол Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда бұлтартпау шарасы бойынша мәселе шешіліп жатыр.

Пікірлер