Тоқаевтың Вьетнамға сапары Абайдағы өртке орай кейінге шегерілді

8576
Adyrna.kz Telegram

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр»,—делінген хабарламада.

Бұған дейін Абай облысындағы орман өртінің өршігенін жазған едік. Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді. Қазіргі таңда Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 600 астам адам, 168 техника жұмылдырылды.

Пікірлер