Жетісу тауларында жоғалған тиктокер табылды

1740
Adyrna.kz Telegram

Жоғалған азамат Жетісу тауындағы Бұрхан бұлақ сарқырамасынан 12 км қашықтықта табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жетісу облысының тауларында жоғалып кеткен тиктокер табылды.

"7 маусымда сағат 18:50-де Жетісу облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне 1986 жылы туған ер адамның 6 маусым сағат 15:00 шамасында Ескелді ауданының тауларында орналасқан Бұрқан бұлақ сарқырамасына қарай велосипедпен кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам – Tik-Tok әлеуметтік желісінде өз блогын жүргізетін саяхатшы, Алматы қаласының тұрғыны.

"Іздестіру-құтқару жұмыстары Қарабұлақ ауылынан 40 шақырым жерде, Қорын шатқалы мен Бұрхан бұлақ сарқырамасы аудандарында жүргізілді.

Жедел жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының арқасында ер адамды сағат 12:00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бұрхан бұлақ сарқырамасынан 12 км қашықтықта тапты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Іздестіру жұмыстарын жүргізуге ТЖД-дан 12 қызметкер мен 4 техника, кинологиялық есеп, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды", - делінген ТЖМ мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін 36 жастағы Дамир Кушеев іздестіріліп жатқаны туралы жазған болатынбыз.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер