Танымал тиктокер Текелі маңындағы тауларда жоғалып кетті

2577
Adyrna.kz Telegram

36 жастағы танымал тиктокер Дамир Кушеев Текелі қаласының маңындағы тауларда жоғалып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 7 маусымда Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорт велосипедімен барып, соңғы рет тікелей эфирге шыққан.

«Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы оны табуға көмектесу туралы Төтенше жағдайлар департаментіне өтініш білдірген. Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті. Қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД-нің қызметкерлері, кинологтар іздестіру иттерімен ер адамды іздеп жатыр»,—деді полиция департаменті.

Жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға мына телефондар арқылы хабарлауды сұраймыз: 8 747 558 1508, 708 252 2008, 102 немесе 112.

Пікірлер