Каспий құрыса, жер сипап қалуымыз мүмкін. Ақтауда төтенше жағдай жарияланды

2949
Adyrna.kz Telegram

Жер шарындағы бірден бір тұйық су айдыны Каспий теңізінің соңғы жылдарда тартылып барады. Бұлай жалғаса берсе, Аралдың кебін киюі мүмкін. Ақтауда жергілікті деңгейдегі табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл шара Каспий теңізіндегі судың сарқылуын шешу мақсатында қолға алынып отыр деп хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

«7 маусымнан бастап жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды» деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Каспий теңізінің еліміздегі аймағы ең таяз аумақ екендігін еске салып,  теңіздің суы азайған сайын оған құятын су да азаятынын айтты.

Біріншіден, Каспий теңізіне құятын өзендер ағысы төмен. Теңіз - жабық су айдыны. Екіншіден, сол өзендердің гидрологиялық режимдеріне әсер ететін климаттың өзгеруі, - деп атап өтті Сүлейменова.

Сонымен қатар Сүлейменова бұл мәселе Каспий маңындағы елдермен талқыға салынып жатқанын айтты. Оның айтуына қарағанда, бұл проблеманы кешенді түрде шешпесе тек Қазақстан емес, Каспий теңізі жағалауындағы өзге де мемлекеттер үшін қауіп әкелмек.

Орта Азияда су мәселесі уақыт өткен сайын өршіп барады. Өзбекстанның Үкімет басшысы Астана қаласындағы форумда Арал тағдырын айтып, дабыл қақты. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстанда су ресурстарына аса мән беріліп, үнемді пайдалану жолдары қолға алынғанын мәлім етті.

Пікірлер