Өзбекстан премьер-министрі Астанаға келіп, дабыл қақты

3498
Adyrna.kz Telegram

Астана халықаралық форумына қатысқан Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов шетелдік инвесторларды Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерді шешуге шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "ҚазАқпарат" порталына сілтеме көрсете отырып.

«Осы алаңды пайдалана отырып, халықаралық серіктестер мен инвесторлардың назарын Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерге аударғым келеді. Бұл орайда Арал апатының салдарын ескеру маңызды. Сонымен қоса, Орталық Азия елдерінің өзге де әлем мемлекеттерімен арадағы сауда-саттық көлемін кеңейтуге бағытталған қолдау шаралары да күн тәртібінде. Одан бөлек, инвесторлармен бірлесіп ауыл шаруашылығы және көлік-логистикалық салаларын дамытуға мүдделіміз», - деп мәлім етті Абдулла Арипов.

Премьер-министр өз сөзінде 2030 жылға дейін Өзбекстан жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім көлемі орта деңгейден жоғары елдер санатына енуді мақсат еткенін айтты. Ол үшін Орталық Азия елдерімен бірлесіп тауар айналымын арттыру, аймақта бар пайдалы қазба ресурстарының қорын тиімді қолдану тетіктерін пысықтамақ.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер